«SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігі «Менің арманым» атты әлеуметтік маңызы бар жобалардың ұлттық байқауын хабарлайды. Байқауға 14 пен 29 жас арасындағы қазақстандықтар қатыса алады. 

Қатысуға өтінімдер 20 шілде мен  1 қыркүйек аралығында байқаудың ресми сайтында www.meninarmanym.kz қабылданады. 

Байқауға қатысу ақысыз. Жобаларды ақпараттық (IT),  білім, технологиялық, экология және әлеуметтік-мәдениет бағыттары бойынша ұсынуға болады. Байқаудың жеңімпазы қаржылық тұрақтылығы мен тәуелсізділігін кепілдей алатын, біртума, пайдалы әлеуметтік жоба болады.

«Менің арманым»  жастар арасындағы әлеуметтік жобалар Ұлттық байқауының  жеңімпазы 5 000 000 теңгені иеленеді.