Конкурс!!! «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2016»!!!

Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 502 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатын, Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2017 жылғы 02 қазанға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға нысан бойынша өтінім;

2) сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

3) жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

Қосымша ақпарат алу үшін ҒЗК бөліміне хабарласыңыз (каб. 233а, тел. 12-86).  [Толығырақ]