«Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білім берудің үлесі» атты пленарлық отырысының аясында «EduTech» білім беру саласында стартап жобалар байқауы жарияланды. 

Байқау туралы Ережеге сәйкес байқауда ешбір жас шектеусіз жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Байқау жеңімпаздары өздерінің жобаларын Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің алдында көрсету мүмкіндігіне ие болады, сонымен қатар жобаның бағасын алып, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жобаны жетілдіре алады.

Байқауды ұйымдастырушылар және серіктестер: Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Болашақ» қауымдастығы.

Толық мәліметерді  http://bolashak.kz/ru/news/single/2456 сайтта алуға болады.

Байқауға қатысу өтініштерін қабылдау 9 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады, өтініш пен құжаттар пакеті онлайн формада https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd-U07-DKnnt6zS9wXgdzlIs0TKg63bI5_tVTDKCX6d6ooyzA/viewform сілтемеде қабылданады

Қосымша тіркеледі.