Құрметті студенттер!

Эрасмус+ бағдарламасы бойынша Вроцлав техникалық университетіне (Wroclaw University of Science and Technology) (Польша) 2017-2018 оқу жылының күзгі семестрде оқу үшін студенттер арасында конкурс жарияланады.

Өтініштер 2017 жылдың 10 маусымға дейін қабылданады.

Мамандықтар тізімі сәулет, құрылыс, автоматтандыру және басқару, химия, аспап жасау, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, информатика, ақпараттық жүйелер, машина жасау, математика және қолданбалы математика.

Мамандықтардың тізімін сілтемеден көре аласыз.

Бағдарламада қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін еркін меңгеру (ағылшын тілі), шетел тілдің деңгейі В1-ден кем болмауы (сертификаттың бар болуы), «А», «А-», «В+», «В», «В-» академиялык, көреткіштеріне ие болуы міндетті, марапаттау парақтарының болуы құпталады.

Бағдарламада қатысу тілек білдірушілер бар болған жағдайда өтініш және оқу келісімін Академиялық ұтқырлық орталығына (227, 229 каб.) тапсыру қажет.

Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (227, 229 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).