Сіздерді 2017 жылдың 12-13 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткізілетін жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХVІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз. 

Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, мектеп мұғалімдері, докторанттар, магистранттар, студенттер және 5 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары (жетекшісімен бірге) шақырылады. Конференция аясында секциялық мәжілістер өткізіліп, қатысушыларға сертификаттар, ал студенттер мен мектеп оқушылары арасынан шыққан жеңімпаздарға Дипломдар, Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Түбіртектің электронды көшірмесін жібергеннен кейін келесі сілтеме арқылы 2017 жылдың 31 наурызына дейін онлайн-тіркелуді өту қажет: http://www.psu.kz/index.php?option=com_satpaev&lang=kaz 

Жинақты алу кезінде төленген туралы түбіртектің түпнұсқасын көрсету қажет. Басқа қала қатысушылары жинақты алу мәселесі бойынша төменде көрсетілген ұйымдастыру комитетінің телефонына хабарласу қажет. 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс контактілері: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі (А-238а кабинеті), тел.: 8 (718-2) 67-36-83 (ішкі: 11-12, 11-14).

Конференцияға қатысуларыңыз, келулеріңіз және қонақ үйге өтінімді 2017 жылдың 25 наурызына  дейін хабарлауыңызды сұраймыз. [Толығырақ]