Құрметті түлектер!

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Сіздерді  ҰБТ-ға қашықтықтан дайындау курстарына шақырады (колледж түлектеріне кешенді тестілеуге).

Ол үшін Павлодар қаласына келудің қажеті жоқ. Қашықтықтан дайындау курстарына тіркелу толықтай он-лайн түрінде жүргізіледі.  

1) Сізге psu.kz ресми парақшасына кіру қажет. 

2) Талапкерге - он-лайн тіркелу қосымша парағын таңдау. Тіркелу тегін, тек шағын сауалнама толтыру қажет.

3) Тіркелгеннен кейін жалпы парақша ашылады. Сол жерде Павлодар мемлекеттік университетінің мамандықтары туралы, нақты мамандыққа түсу үшін қандай пәндер керектігі жайлы, 2015 жылдың өту ұпайлары туралы және т.б ақпараттар бар. 

4) Сіз осы жерде кез келген пәннен байқау тестін тапсыра аласыз.  

5) Осы парақшадан біздің он-лайн сабақтарға шақыру, төлемақы туралы ақпарат (1 пәнге айына 1800 теңге) алуға болады

6) Келісімшарттың электронды нұсқасын толтырыңыз және келесі батырмаларды басыңыз: келісімшарт талаптарымен келісемін ->жіберу. 

7) Ақы төлеу түрі: қаржыны шотқа аудару, шот нөмірі және банк деректемелері анық көрсетіледі. Төлемақыны Халық банкіне немесе Евразиялық банкке төлеуге болады. Сондай-ақ, біздің университетіміздің мекенжайына пошталық аударма жасауға болады: Павлодар қ., Ломов к.,64, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қашықтықтан дайындау курстары (Ресейде өмір сүретіндерге-рубльдік шот) 

8) Төлем жасалғаннан кейін пәндер бойынша бейнеклиптер, тесттерге және он-лайн сабақтарды көруге толық көлемде мүмкіндік пайда болады.

9) Егер сұрақтарыңыз болса басыңыз.

Бейнеклиптер  мен тесттерді ыңғайлы уақытта бірнеше рет қайтара көруге болады. Он-лайн сабақтар аптасына  бір рет болады, оның сабақ кестесін көре аласыз. Он-лайн сабақтарда оқытушымен байланыс жасауға, чатта мұғалімге сұрақ қоюға болады. Сонымен қатар, қиын тақырыптарды бірге талқылауға, қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес алуға мүмкіндік бар.

Шетел азаматтарын жоғары оқу орнына ақылы түрде қабылдау әңгімелесу арқылы жүзеге асады. Шетел азаматтары үшін тегін білім алу (БҒМ гранты)  конкурс негізінде болады.

Егер сіздерде сұрақтар туындайтын болса «Foundation» факультетінің блогына кіріп жазып жіберулеріңізге болады. Сіздерге уақытында жауап қайтаруға тырысамыз! 

Құрметті түлектер, сіздерді қашықтықтан дайындау курсына шақырамыз!

 

Біздің мекенжайымыз: Павлодар қ., Ак. Шөкин к., 139,

202, 301, 305а-кабинеттер

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік унтверситетінің машина жасау факультетінің ғимараты.  

Телефон: 8(718)2-67-36-50