«Foundation» факультетінің 2014-2015 оқу жылындағы сапа саласындағы жетістіктері

2014-2015 оқу жылында «Foundation» факультетінде келесі жұмыс атқарылды:

1) Алдағы уақытта Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін пәндерді тереңдетіп оқыта отырып, талапкерлердің білім деңгейін көтеру саласында сапалы білім беру қызметін көрсету;

2) Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтары қатарындағы талапкерлерге алдағы уақытта Қазақстанның жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілде білім алу үшін дайындық жүргізу;

3) Базалық сыныптардың білім алушыларын бейінге сейкес біліктілік беру арқылы дайындық жүргізу;

2014-2015 оқу жылында «Foundation» факультетінің жалпы контингенті 510 адамнан құралды.

1) «Foundation» топтарына тілдерге тереңдетілген дайындық жүргізу және университетке оқуға түскен кезде кредиттерді қайта есепке алу кепілімен университет пәндерін қосымша оқыту отыра білім беру. 2015 жылғы ТКТ-ның қорытындысы бойынша түлектердің 35 %-ы оқу гранттарын ұтып алды, сондай-ақ олар университеттің 3 пәнін ( «Шетел тілі», «Құқық негіздері», «Экономиканың негізгі теориялары») толық меңгерді және 1 курста осы пәндер бойынша оқудан босатылды.

3) ҰБТ және кешенді тестілеу пәндеріне бағытталған дайындық.

«Foundation» факультетінің ақылы дайындық курстарында 115 адам дайындалды (оның ішінде қала мектептерінің 78 оқушысы ҰБТ-ға, колледждердің 39 түлегі ТКТ – ға дайындықтан өтті). Олардың 30 %-ы мемлекеттік білім беру грантын иеленді.

Факультет мұғалімдері ТКТ-ға дайындық кезінде С. Торайғыров атындағы ПМУ-ға түсетін колледждердің 92 түлегіне көмек көрсетті (тегін тестілеу өткізіп, ТКТ пәндері бойынша тегін кеңестер берді).

4) Базалық сыныптардың білім алушыларын бейінді оқыту.

2014-2015 оқу жылында «Foundation» факультетінде 10 сыныптың 74 оқушысы және 11 сыныптың 80 оқушысы бейіндік дайындықтан өтті.

Біліктілік емтихандарын табысты тапсырғаннан кейін 11 сыныптың 80 түлегіне келесідей мамандықтар берілген: автожөндеуші, инженерлік графика операторы, сызушы, есепші-экономист, ағылшын тілін меңгерген хатшы-референт, азық-түлік тағамдарын дайындау технологы.

5) Шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтарына арналған дайындық бөлімі.

Дайындық бөлімі 2014 жылдың қазан айында (ҚР БЖҒМ 18.09.2014 ж. №383 бұйрығы) ашылды. Контингент құрамындағы 50 тыңдаушы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алды. Дайындық бөлімінің мақсаты – шетелдік азаматтарды Қазақстанда өмір сүруге бейімдеу, ҚР жоғары оқу орындарына түсуге дайындау, қазақ тілі мен орыс тілін тереңдетіп оқыту.

2015 жылдың ТКТ қорытындысы бойынша факультет тыңдаушыларының 61,7 %-ы жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Оның ішінде 65,5 %-ы С. Торайғыров атындағы ПМУ-ға түсті.

Оқыту бекітілген оқу жоспарына сәйкес ТКТ(математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және болашақ мамандыққа байланысты таңдау пәні) тапсыруға қажетті пәндер бойынша жүргізіледі, сонымен қатар орыс тілін оқыту енгізілді.

Оқу жоспарына сонымен бірге қосымша қазақ тілі және ағылшын тілі енгізілген(1-семестрде 45 аудиториялық сабақ, 30 СОӨЖ).

Жыл қорытындысы бойынша білім алушыларға сапалы дайындық жүргізгені және жоғары нәтижеге жеткені үшін 09.09.2015 жылғы ректор бұйрығымен келесі факультет оқытушылары: Ф. К. Баяхметова, А. К. Елтін, А. К. Байникенова, А. А. Мусагажинова, И. А. Завьялова, Н. М. Дмитриенко, Н. Ф. Крылова, Б. Б. Исмагулова, Д. К. Токжигитова, М. В. Дятчина, Н. Д. Ставрова, Р. К. Касымжанова, Т. Д. Айтказина, Б. Б. Жумабекова, С. Б. Тюлегенов, Ж. Е. Жангабулова, Ж. К. Широкова, Л. И. Теняева, факультет деканы А. Е. Кудерина, декан орынбасары О. Н. Бовина, факультет әдіскерлері А. Ж. Дюсенова, Д. К. Балтабаева, А. Б. Сапабекова ректордың алғыс хатымен марапатталды.

05.11.2015 ж. С. Торайығыров атындағы ПМУ-ға 55 жыл толуына орай табысты жұмысы мен қоғамдық қызметке белсене қатысқаны үшін факультет деканы А.Е. Кудерина ректордың құрмет грамотасымен марапатталды.