ПМУ және Голландиялық академиялық қызмет ҮИИД МБ–2 бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 14.07.2015

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Голландиялық академиялық қызмет ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

С. Торайғыров атындағы ПМУ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыру және 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын Консорциум құрамындағы Қазақстан Республикасының 10 ЖОО қатарына кіреді.

Меморандумға қол қою рәсімінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Өрсариев пен Голландиялық акадеамиялық қызмет директоры Марк ванн ден Мюзенберг қатысты.

Екі жақ өзара білім беру және ғылыми-зерттеу саласындағы атқарылатын іс-шараларды жүзеге асыруға келісті: бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларды жасау, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің ішкі академиялық бірлескен бағдарламаларын іске асыру, ғылыми жарияланымдар мен әдістемелік жобалардың айырбасы, бірлескен ғылыми басылымдар, бірлескен монографияларды және оқулықтарды жарыққа шығару.

Сондай-ақ, ынтымақтастық Меморандумы шетелдік жоғары оқу орындардың оқытушыларын шақыру, шетелдік сарапшылардың кеңесшілік қызметін жүзеге асыру, тренингтер өткізу, мұнай өңдеу, металлургия, инженерлік саладағы IT-технологиялар, менеджмент, бизнес-жоспарлау, стартаптық бизнес, оқу бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасының сараптамасы салалары бойынша танымал ғалымдар (h-индексі жоғары) мен әлемнің белгілі сарапшыларының семинарларын өткізу салаларын нығайтуды көздеді.

«Бүгін біз ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынасын реттеу мүмкіндігіне ие болдық. Павлодар мемлекеттік университетімен серіктес болу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Өйткені, университетте алға қойған мақсат-мұратынан таймай еңбек ететін білікті мамандар, профессорлық-оқытушылар құрамы қызмет етеді. Сіздер оқу бағдарламаларыңызды дамыту жолында тер төгіп еңбек етіп келесіздер. Оған еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлап жатқандарыңыз дәлел бола алады», – деді Нидерландия елінен келген құрметті қонақ.

– Мен Павлодар мемлекетік университетінің Қазақстанда танымал жоғары мектептерінің бірі екені білемін, – деді Марк ван ден Мюзенберг. Мұнымен қоса, университет инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына қатысып, тағы да өзінің мықтылар қатарында екенін айқындады.

http://www.edu.gov.kz/kk/pmu-zhne-gollandiyalyk-akademiyalyk-kyzmet-uiid-mb-2-boyynsha-yntymaktastyk-turaly-memorandumga-kol