Факультеттің тәрбиелік жұмысы

 

Тәрбиелік жұмыс жоспарына сәйкес іс-шаралар 6 бағыт бойынша өткізіледі:

1. Патриоттық тәрбие;

2. Құқықтық тәрбие;

3. Спорттық-сауықтыру тәрбие;

4. Рухани-эстетикалық тәрбие;

5. Экология-өлкетанушылық тәрбие

6. Еңбек тәрбиесі.

Ағымдағы оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес 2014 - жылдың қараша айында Павлодар облысы Ішкі Істер департаментінің көші-қон полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Г. М. Баталовамен кездесу ұйыммдастырылды. Бұл кездесуге Павлодар мемлекеттік университетінің халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А. Қ. Қайырбаева шақырылды.

2014 - жылдың желтоқсан айында «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі К.К. Батталов Қазақстанның тарихы, Қазақстан Республикасының конституциясы туралы дәріс оқыды.

Сонымен қатар университет ректоры С. М. Өмірбаевпен кездесу (қараша, 2014 ж.), университеттің тәрбиелік жұмыс және әлеуметтік сұрақтар бойынша департаментімен (желтоқсан, 2014 ж.) және білім туралы құжаттарды тану мен нострификациялау жайлы ақпарат беру мақсатында жиналыстар өткізілді.

Факультеттің шетел азаматтары мен шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған даярлық бөлімінің тындаушылары университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысады. Оның ішінде 29 тыңдаушы спорт секцияларына және кейбір тыңдаушылар студенттік филармонияның көркем өнерпаздықтың үйірмелеріне қатысады.