Факультеттің оқу - әдістемелік жұмысы

 

Факультеттің жұмыс жоспары бойынша Әдістемелік Кеңес өткізіледі. Кеңесте жұмыс бағыттары бойынша жұмыс оқу бағдарламалары мен жоспарларын бекіту жөніндегі сұрақтар және үлгерім қорытындысы қарастырылады.

Бекітілген жұмыс жоспары бойынша ҰБТ мен кешенді тестілеуде тапсырылатын пәндерді (математика, Қазақстан тарихы, қазақ (орыс) тілі, физика, биология, география) оқыту жүргізіледі, сонымен қатар шетел тілін тереңдетіп оқыту және барлық факультет түлектеріне С. Торайғыров атындағы ПМУ-ға түскен кезде оқыған пәндерді қайта есепке алу мақсатымен ЖОО-ның пәндерін («Құқық негіздері», «Экономикалық теория негіздері») оқыту енгізілген.

«Foundation» факультетінің күндізгі топтар тындаушыларының және білім алушыларының үлгерімі жылына 2 рет өткізілетін емтихан арқылы бақыланады. Базалық сыныптарда үлгерім қорытындысы тоқсанның аяғында шығарылады, жылдың аяғында – біліктілік емтихандарын жақсы тапсырғаннан кейін білім алушыларға біліктілікті иелену куәлігі беріледі.