«A methodology for the formation of highly qualified engineers at masters level in the design and development of advanced industrial informatics systems» /«Методология формирования высококвалифицированных инженеров на уровне магистратуры по разработке и развитию передовой системы производств» / Өндірістің алдыңғы қатарлы жүйесін әзірлеу және дамыту бойынша магистратура деңгейінде жоғары біліктілікті инженерлерді қалыптастырудың әдіснамасы

 

1 Шифр проекта: 544490-TEMPUS-1-2013-1-ES-TEMPUS-JPCR

 

2 Қазақстан және шетел мемлекеттері жағынан жобаны орындаушылар:

– Малардален университеті (Швеция);

– София техникалық университеті (Болгария);

– Штутгарт университеті (Германия);

– Порто университеті (Португалия);

– әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Қазақстан);

– С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (Қазақстан);

– Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университеті (Ресей);

– Петрозаводск мемлекеттік университеті (Ресей);

– Одесса ұлттық политехникалық университеті (Украина);

– Украина ұлттық техникалық университеті (Украина).

 

3 Жоба координаторы және жетекші бас ұйым:

Валенсия политехникалық университеті (Испания)

 

4 Жоба кезеңдері:

– бірінші кезең – 2013 – 2014 оқу жылы;

– екінші кезең – 2014 – 2015 оқу жылы;

– үшінші кезең – 2015 – 2016 оқу жылы.

 

5 Жоба мақсаты:

Магистрлік бағдарламаға өнеркәсіптік технологиялар бойынша бұлтты технологияларды қолданатын микрокомпьютерлерді, өнеркәсіптік компьютерлерді, мобильжі платформаларды және платформаларды қолдану негізінде өндірістік информатиканың дамыған жүйесі бойынша жоғары біліктілікті инженерлерді қалыптастыру үшін мәселелерді шешуге негізделген (мәселелік оқыту) оқытудың әдіснамасының интеграциясы.

 

6 Жоба міндеттері:

– мәселелерді шешуге негізделген (PBL) әдіснаманы және AIISM мамандандырудың модульдерін оқытуға арналған ресурстарды әзірлеу;

– сәйкес оқу жоспарлары мен серіктес елдер бағдарламаларына AIISM интеграциясы;

– оқу курстарын әзірлеу және оқытушыларды, техниктерді және серіктес елдердің әкімшілік қызметкерлерін оқыту;

– серіктес елдерде мәселелерді шешуге негізделген AIISM әдіснамасын ендіру және олардың одан әрі қолданысына ықпал ету;

– AIISM ендіру нәтижелерін бағалау;

– қызығушылық танытқан жақтардың өкілдері арасында AIISM нәтижелерін тарату және қолдану.

 

7 Жобаны жүзеге асыру барысы:

– Валенсия политехникалық университеті (Испания) базасында жобаға қатысушылар үшін ұйымдастыру мәжісілісі өткізілді;

– С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінде магистратураның оқу бағдарламаларына AIISM интеграциясының мүмкіндіктеріне талдау жүргізілді;

– жобаның түсініктемелік аппаратына арналған мақала жарыққа шықты; магистратураның 6M070300 - «Ақпараттық жүйелер» және 6M060200 - «Информатика» мамандықтарының оқу бағдарламаларына AIISM интеграциясы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

 

8 Макро және микродеңгейлерде жобаның тиімділігі:

AIISM мәселелерді шешу (PBL) әдіснамасын қолдану арқылы әзірленуде және өнеркәсіптік үрдістерді басқару үшін информатиканың өнеркәсіптік жүйелерін жүзеге асыруды болжайды. AIISM әдіснамасы PBL және оқытудың белсенді әдістері бойынша Еуро Кеңес университеттерінің тәжірибелері негізінде әзірленді.

AIISM оқу ортасын нақты өндірістік ортаға мейлінше жақындатуға мүмкіндік береді.

Жоба таратылған және күрделі өндірістік үрдістерді тиімді бақылау үшін магистрлік деңгейде серіктес елдердің инженерлік мектептерінің оқу бағдарламаларының алдыңғы қатарлы өндірістік информатика бойынша мамандандыру модульдеріне бейімделуіне тікелей бағытталған. Аталған реформа еңбек нарығында жеңіл интеграцияланатын жоғары білікті инженерлерді қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ осындай инженерлерді өндіріске тарту компанияның өнімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыра түседі және жалпы қоғамның дамуына әкеледі.

 

9 Жобаның жетекшісі, қосарлы жетекішілер және менеджерлері туралы мәлімет:

– жоба жетекшсі – Өмірбаев Серік Мауленович, экономика ғылымдарының докторы;

– жоба менеджері – Пфейфер Нелли Эмилевна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Мұқатаева Құндыз Боранбаевна, білім магистрі;

– профессор-оқытушылар құрамы – Испулов Нұрлыбек Айдаргалиевич, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент; Джарасова Гүлжан Сагидуллаевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент; Оспанова Назира Нургазыевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

– жобаның техникалық сүйемелдеушісі – Тоқсанов Сапар Нурахметович.

 

10 Жоба сайты: http://medis.upv.es/medis/

София техникалық университетінде МЕДИС жобасы бойынша өткен кездесу

2014-2016 жылдары ТЕМПУС бағдарламасы бойынша орындалатын МЕДИС жобасы орындаушыларының кезекті кездесуі 2014 жылы қазанның 23-24 күндері София қаласында (Болгария) София техникалық университеті базасында өтті. Кездесуге С.Торайғыров атындағы ПМУ-інен физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Испулов Нұрлыбек, «Математика және информатика» кафедрасының меңгерушісі Джарасова Гүлжан қатысты.

Кездесу барысында координаторлар мен орындаушылар төмендегі сұрақтарды талқылады:

1) «AIISM курстарының PBL-әдіснамаларын әзірлеу» атты 1-жұмыс пакетінің орындаушыларының есебі (баяндамашылар Испания, Швеция, Германия, Португалия және Болгария жоғары оқу орындарының өкілдері).

2) «AIISM курстарының оқу материалдарын әзірлеу» деп аталатын 2-жұмыс пакеті орындаушыларының есебі (баяндамашылар Испания, Швеция, Германия, Португалия және Болгария жоғары оқу орындарының өкілдері).

3) «AIISM курстарының бейімделуі – Білім беру бағдарламаларының мазмұнын талдау» 3.1-пакетін орындаушылардың есебі (баяндамашылар Қазақстан, Ресей және Украина жоғары оқу орындарының өкілдері).

Талқылау барысында AIISM курстары бойынша білім беру үрдісін 2015 жылдың қыркүйегінен бастау туралы шешім қабылданды. С.Торайғыров атындағы ПМУ-де AIISM курстарын ендіру мамандықтары ретінде 6М060200 – «Информатика» және 6М070300 – «Ақпараттық жүйелер» таңдалынды.

4) «AIISM курстарының бейімделуі – AIISM курстарының білім беру бағдарламаларының мазмұнына кіріктіру» 3.2-жұмыс пакетінің орындаушыларының есебі (баяндамашылар Қазақстан, Ресей және Украина жоғары оқу орындарының өкілдері).

5) «Оқыту курстары» атты 4-жұмыс пакетінің көшбасшысы - MDU есебі (Швеция).

6) 7-жұмыс пакеті «Тарату жоспары» бойынша көшбасшы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің есебі (Қазақстан, Алматы).

С.Торайғыров атындағы ПМУ-інің орындаушылары университет порталындағы МЕДИС парақшасын демонстрациялап, нәтижесінде парақшаға оң пікір берілді. ПМУ тәжірибесі МЕДИС жобасын орындаушы басқа да жоғары оқу орындарына ұсынылды.

7) Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университеті (Ресей) есебі – «Қолдану жоспары» 8-жұмыс пакетінің көшбасшысы.

8) МЕДИС жобасының қаржылық сұрақтары бойынша жоба координаторының есебі.

 

Қазақ Ұлттық Университетінде МЕДИС жобасы бойынша өткен кездесу

2014-2016 жылдары ТЕМПУС бағдарламасы бойынша орындалатын МЕДИС жобасы орындаушыларының кезекті кездесуі 2016 жылы маусымның 01-04 күндері Алматы қаласында Қазақ Ұлттық университеті базасында өтті. Кездесуге С.Торайғыров атындағы ПМУ-інен физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Испулов Нұрлыбек, «Математика және информатика» кафедрасының профессоры Джарасова Гүлжан қатысты.

Кездесу барысында координаторлар мен орындаушылар төмендегі сұрақтарды талқылады:

1) Семинар 1 Автоматизация және технологиялық процестердің бақылауы.

2) Семинар 2 Математикалық моделдеу және суперкомпьютерлік технологиялар.

3) Семинар 3 “Ғарыштық бақылаудың, робототехника және геоэнергетика бағытындағы мамандарды оқыту.

4) Жоба орындаушылардың презентация түрінде есебі, солардың нәтижесіндегі МЕДИС Жоба бойынша мақалардың жинағы шығарылады.

5) МЕДИС жобасының қаржылық сұрақтары бойынша жоба координаторының есебі. 

Сонымен қатар, МЕДИС Жобасының қатысушыларына «Алатау» Технопаркіне және Шымбұлақ тауларына экскурсия ұйымдастырылды.