Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты ғылыми-техникалық және мәдени-прогресті практикалық қызметте қолдануда шығармашылық аса қабілетті жоғары білімді мамандарды даярлау және тәрбиелеу сапасын көтеру, олардың әрқайсысының дербес оқу-тану қызметтерін дамыту болып табылады.

Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері – студенттердің даярлық деңгейін ескеріп, оларды әртүрлі шығармашылық қызметтерге дифференциялды тарту.

Оқу уақытанан тыс орындалатын студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары мына түрлерде орындалады:

  • студенттік ғылыми үйірмелеріндегі, студенттік конструкторлық бюроларындағы, ғылыми-зерттеу лабораторияларындағы жұмыс;
  • мембюджеттік немесе шаруашылық келісім тақырыптарды орындауға студенттік топтардың немесе дердес түрде, шығармашылық қауымдастық жөніндегі жұмыстарға және кафедрада орындалатын ұстаздардың жеке жоспарларын жасауға қатысу;
  • көрмелерге, конференцияларға, симпозумдерге қатысу.


КОНКУРСТАР

Жыл сайын университетте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялайтын конкурстар өтеді:

● Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайынғы Республикалық конкурсы.Конкурстың негізгі мақсаттары мен мінедтері мыналар: студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-тану қызметтерін ынталандыру, анағұрлым талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының интеллектуальді әлеуетін қалыптастыру. Конкурсқа ҚР барлық ЖОО студенттері қатыса алады. Конкурсқа жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың басым бағыттары бойынша студенттердің өздері дербес орындаған жұмыстары ұсынылады.

● Қазақстан Республикасының ЖОО студенттерінің арасында Қазақстанның Корпоративті білім және ғылым қорының арнайы стипендиясын жеңіп алу конкурсы Қазақстан ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарға және олардың қоғамдық қызметтерге ынталандыру және осы бағыттағы жұмыстарды дамыту мақсатында жүргізіледі. Конкурсқа оқу пәндері бойынша өте жақсы бағалары бар, ЖОО-ның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын, ғылыми еңбектері жарық көрген, халықаралық және республикалық конкурстарға қатысып дипломдар мен грамоталарға ие болған Қазақстан ЖОО-ның 2-4 курс студенттері қатыса алады.

● Жыл сайынғы Ұлттық банк конкурсына экономкалық мамандық бойынша оқып жүрген, оқуда жақсы және өте жақсы бағалары бар және ғылыми-зерттеу жұмысында өзін көрсете білген үшінші курс студенттері қатыса алады.

● 2009 жылғы қаңтар айынан бастап университетте инновациялық-қолданбалы жобалар мен жұмыстар жөніндегі студенттік ішкі оқу орнының студенттер конкурсы басталды. Конкурстың мақсаты студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына және инновациялық қызметке белесе қатыстыру, анағұрлым талантты және дарынды студенттерді қолдау.

Жыл сайынғы «Жас талап» конкурсы 35 жасқа дейінгі ЖАС ғалымдар мен студенттер арасында өткізіледі. Конкурстың мақсаты – жас ғалымдарды, аспиранттарды, магистранттарды және студенттерді ғылыми-зерттеу, шығармашылық өнертапқыш жұмыстарына кеңінен қамту, қол жеткізген ғылыми нәтижелерді оқу үдерісінде, өндірісте (лекциялар, курстық жұмыстар және дипломдыық жобалар, лабораториялық базаларда, практикалық жұмыста) пайдалану. «Жас талап» атағы гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдар саласындағы таңдаулы ғылыми еңбектерге, Республиканың экономикалық, әлеуметік және мәдени дамуына ықпал ететін жаңалығы мен актуальдігі жағынан ерекше үлкен теориялық және практикалық мәні бар өнертапқыш жұмыстарға беріледі.


СТУДЕНТТІК КОНСТРУКТОРЛЫҚ-ЗЕРТТЕУ БЮРОСЫ

«Көлік, машина жасау және металлургия» институтының «Технология және машиана жасау жабдықтары» кафедрасының жанында ғылыми-зерттеу жұмыс дағыдыларын дамыту мақсатында студенттердің конструкторлық-зерттеу бюросы (СКЗБ) құрылды, жетекшісі т.ғ.к., доцент Шумейко И.А.

Студенттердің конструкторлық-зерттеу бюроның негізгі міндеттері: конструкторлық, ғылыми және техникалық міндеттерді оқытудың әдістемелері мен тәсілдерін дербес шешуге үйрету.


СТУДЕНТТЕРДІҢ «Жас Ғалым» ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАСЫ

26.11.2002 жылғы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес университетте студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту мақсатында «Прометей» ғылыми бағдарламасы бойынша студенттік ғылыми грант белгіленді. Оқу жылында әрбір жобаға 100 мың теңге қаржы бөлінеді. Жобаның ғылыми кеңесшілері – университеттің жетекші ғалымдары. Әрбір жоба бойынша күнтізбек жұмыс жоспары және смета бекітіледі. Ғалым кеңесі шешімі негізінде ПГУ Торайгырова атындағы Студенттік ғылыми - зерттеу бағдарлама «Прометей» оларға қайта ат қоюы туралы  « Жас ғалым » шешім қабылданған болды.

Студенттік ғылыми орталық

С.Торайғыров атындағы ПМУ "Ертіс" Ғылыми-техникалық паркінде студенттік ғылыми орталық жұмыс істейді. Орталық университеттің қурылымдық бөлімшесі жәнеуниверситетте ғылыми-зерттеу жұмыспен айналасатын студенттерді басын қасады.

Студенттік ғылыми орталықтын мақсаты:

- жастардың ғылыми-техникалық шығармашылғын қолдеу, студенттердін қабілетін іске асыру және ашуға барлық жағдайлар жасау;

- студенттерді фундаментталды және қолданбалы бағыттар бойынша, және инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарға тарту;

- студенттер арасында ғылыми білімдін және ғылыми және техникалық жетістіктерін дәріптеу;

- жаңа ақпараттық технологияларды студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдану.



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеттің «Ертіс» Ғылыми-технологиялық парктің Студенттік ғылыми орталықтықтың 2009-2010 ж.ж. жоспары