Университетімізде жетімдер қатарындағы студенттерге аса назар аударылады. Оқу жылының басында факультет декандарының жалпы мәселелер бойынша орынбасарымен бірге факультеттердің әлеуметтік-демографиялық паспорты құрылады, онда білім алушының әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат болады.

Факультеттердің мәліметтері бойынша 2013-2014 оқу жылдарында Павлодар мемлекеттік университетінде 89 жетім-студенттер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер оқиды. Оның ішінде: жетімдер – 57 адам, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар – 32 адам.

Жетімдер қатарындағы студенттер

Жетім-студенттерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттерге жыл сайын ЖОО-ның асханаларында тегін тамақтану ұйымдастырылады. Сонымен қатар Павлодар қаласының білім беру бөлімінен  студенттерге жыл сайын қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүру құжаты беріледі.

2012 жылдың 12 наурызынан бастап ҚР №320 қаулысы бойынша толық мемлекеттің қамтамасыз етумен білім алып жүрген студенттерді киім-жарақпен, төсек орынмен қамтамасыз ету туралы, тамақтануға жәрдемақы беру туралы және  соңғы курста бір мезгілдік қаржылай көмек көрсету туралы ректордың бұйрығы шыққан болатын. Оқу жылының басында бірінші курстың үш студенті киім-жарақпен, төсек орынмен қамтамасыз етілді. Жалпы шығын соммасы 373 200 теңгені құрады.

«Бөбек» қайырымдылық қоры

Толық мемлекеттік қамқорлықтағы 13 жетім-студенттердің қатарынан 6 студент «Бөбек» қайырымдылық қорының көмегін алды. Шәкіртақы бір тоқсанда бір рет төленіп отырады (15 000 теңге). Бұндай көмекпен тек орта немесе жоғары оқу орындарында жақсы үлгерімі үшін балалар үйінің түлектері ғана қамтамасыз етіледі.

Ректордық жетімдермен жаңа жылдық кездесуі

2013 жылдың 23 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры және жетім-студенттер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің дәстүрлі жаңа жылдық кездесуі өтті. Бұл кездесуде студенттер ректордың қолынын тәтті сыйлықтар мен 6000 теңге көлемінде көмек алған болатын. Ақшалай сыйлық университет қорынан алынған болса, тәтті сыйлықтар – С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Студенттік кәсіподақ ұйымының қорынан болды (2013 жылдың 12 қарашасынан № 6/1-07/641 «Жетім-студенттер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің ректормен кездесуі туралы» С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының бұйрығы). Жалып шығын соммасы – 534 000 теңге.

«Шапағат» акциясы

Жетім-студенттер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерді қысқы киім-жарақпен қамтамасыз ету мақсатында университет қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамының арасынан «Шапағат» қайырымдылық қорына қаржы жинау дәстүрге айналып кетті.
Жиналған қаржы студенттердің санына байланысты факультеттердің арасында бөлінді.

2013 жылдың 7-17 қазан аралығында «Шапағат»  акциясы өткізілген болатын. Жалпы жиналған қаражаттың көлемі  - 707 350 теңге құрады (оның ішінде факультеттер – 427 650 теңге, құрылымдық бөлімшелер – 279 700 теңге жинады).

«Бота» қоғамдық қоры

Ақылы негізде оқып жатқан табысы аз отбасыдан шыққан бес студентке оқу қаражатын «Бота» қоғамдық қоры төледі. 2008 жылдың сәуір айынан тіркелген «Бота» қорының негізгі миссиясы табысы аз отбасыдан шыққан балалар мен жасөспірімдердің өмірін жақсарту, сонымен қатар олардың денсаулығына, оқуына және әлеуметтік табысына қаржылай көмек көрсету арқылы олардың отбасыларының өмірін жақсарту болып табылады. Бұл мақсат үш бағдарлама арқылы жүзеге асырылуда.

Шарттылы қаржылай жәрдемақы бағдарламасы (ШҚЖБ) – әлем бойынша 20 мемлекетте енгізілген, әлеуметтік қамтамасыз ету аясындағы инновациялық механизм. Бағдарламаның мақсаты – табысы аз отбасыдан шыққан балалардың денсаулығына, оқуына және әлеуметтік қамтамасыздығына қаржылай көмек көрсету арқылы өмірлерін жақсарту.

Қазіргі уақытта ШҚЖ бағдарламасы алты облыс көлемінде қызмет етуде: Ақмола, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарында.

Білім гранттарының бағдарламасының мақсаты академиялық үлгерімі жақсы, бірақ Қазақстанның университеттері мен колледжде білім алуға жағдайлары жоқ 29 жасқа дейінгі жастарға қолдау көрсету болып табылады.

Конкурсқа қатыса алады:

- Екі жылдық оқуға Қазақстан колледждеріне түсетін 11-ші сынып бітірген түлектер;

- Жақсы оқу үлгерімі бар, бірақ білім алуға жағдайлары жоқ соңғы немесе соңғының алдындағы курстағы Қазақстанның ЖОО-ң студенттері;

- Жақсы оқу үлгерімі бар, бірақ 2010-2011 жылдардағы қаржылық мәселелерге байланысты оқудан шығып кеткен соңғы немесе соңғының алдындағы курстағы Қазақстанның ЖОО-ң студенттері.

ШҚЖ бағдарламасына іріктеу жыл сайын (ақпан айынан тамыз айына дейін) жүргізіледі. Іріктеу кезеңіне барлық талаптарға сәйкес келетін студенттер қатыса алады, бірақ гранттар отбасылары қаржылық қолдауды қажет ететін студенттерге беріледі.

Университетте оқу құнын төлеуден басқа «Бота» қоғамдық қоры тұру құнын, тұрмыс ақысын, қоғамдық көлік шығындары мен оқу материалдарының құнын төлеуге стипендияларды ұйымдастырады.

Студенттер үйі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 1 жатақхана (Студенттер үйі, Толстой көшесі, 101) бар. Жатақханада тұру орнымен ең алдымен жағдайы төмен отбасыдан шыққан студенттер, грантта оқитын студенттер және де Қазақстанның басқа өңірлерінен келген студенттер қамтылады. Университеттің Ғылыми кеңесінің 2013 жылдың 29 тамыз айының шешімімен жетімдер қатарындағы студенттер университеттегі жатақханада тұру төлемінен босатылды.

2013-2014 оқу жылында: 18 жетім-студенттер, 2 мүгедектер, 68 көпбалалы отбасыдан шыққандар, 156 аз қамтылған отбасыдан шыққандар, 121 1-ші курс студенттері, 15 басқа ұлт өкілдері орналастырылған болатын.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі мен Студенттер үйінің директорымен бірге әрдайым жатақханаға орналастыру жүргізіліп отырады. Бұл жыл сайынғы студенттер үйінің қызметкерлерінің күнделікті тексерісі мен жатақханадағы тәртіпті қадағалаудың салдарынан қорытындылап шығарылады.

Студенттер үйі тәулік бойы күзет қарауында және видеобақылауда болады. Студенттер үйінің ауласы көркейтілген: орындақтар тұрғызылып, гүлдер отырғызылған.

Студенттер үйінде көп жылдардан бері студенттік өзін-өзі басқару аясында – студенттердің қызығушылығын қамтамасыз ететін Студенттер кеңесі жұмыс істейді. Студенттер кеңесі студенттер үйіндегі тазалыққа, өзін-өзі басқарушылыққа үйретіп қана қоймай, студенттер үйінде тәртіпті қадағалаумен де айналысады. Сонымен қатар әртүрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, оларды жүзеге асырады.

Студенттер кеңесі Студенттер үйінің қызметкерлерімен бірге бөлмелерді бөлу, студенттерді көшіру сынды іс-шараларды атқарады. Кеңеске 13 адам мүшелік етеді (Кеңес төрағасы, Студенттер үйінде тұратын студенттердің оқуы мен тәртіптеріне жауаптылар). Жұмыс секторларға бөлінген: қоғамдық мерекелік іс-шаралар, спорттық, санитарлық және редакторлық сектор. Студенттер кеңесі жиналыс өткізетін және мәселелерді талқылайтын жеке бөлмемен қамтылған, сонымен қоса Студенттер кеңесі студенттер үйінің әкімшілігімен қатар блоктағы тәртіп пен тыныштыққа жауапты болып табылады.