«Студенттер үйі» - жатақхана

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 1 жатақхана (Студенттер үйі, Толстой көшесі, 101) бар. Ол 3 блокқа бөлінген 5 қабаттан тұрады, жалпы 162 бөлмеден құралған. Қазіргі уақытта Студенттер үйінде 360 жатын-орын бар. Жатақханада тұру орнымен ең алдымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан студенттер, грантта оқитын студенттер және де Қазақстанның басқа өңірлерінен келген студенттер қамтылады. Университеттің Ғылыми кеңесінің жыл сайынғы шешімімен жетімдер қатарындағы студенттер университеттегі жатақханада тұру төлемінен босатылады.

Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру үшін 120 орындық акт залы бар, ол караокемен, музыкалық орталықпен, диагоналі 114 см болатын проекциялық теледидармен жарақтандырылған, кабельді телеарналар қосылған, тұрақты түрде толықтырылып отыратын видео және медиатекалар бар, компьютерлік класс, жаттығу және теннис залдары жұмыс істейді, спорт құрылғылары сатып алынған. Студенттер үйінің аумағында жазғы спорт алаңдары, стритбол, турник, швед қабырғасы, жарыспалы ағаштар, батпырауықтар орналасқан.

Жатақханада тұратын студенттерге көмек үшін оқу класстары жұмыс істейді. Оқу залы да бар. Студенттер үйі тәулік бойы күзет қарауында және видеобақылауда болады. Студенттер үйінің ауласы көркейтілген: орындақтар тұрғызылып, гүлдер отырғызылған.

Орын жетіспеу мәселесі бойынша 2013 жылы  С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың аумағында (Ломов көшесі, 64) 500 орындық жаңа ғимарат құрылысы басталған болатын. Құрылыс аумағы – 2097 м2. Жалпы көлемі – 10723,0 м2, құрылыс көлемі – 35100,0 м3, қабаттар саны – 5.

Материалды-техникалық жарақтандырудың мәліметтері

Атауы, мекен-жайы, байланыс телефондарыЖатақхана типіСалынған уақытыРемонт жүргізілген уақытыЖалпы көлеміКереует орындарының саны
Студенттер үйі,
Толстой көшесі
101 үй, т:67-36-24
Секциялы 1973 2012 4009 360

 

Жатақханадағы орындар ең бірінші келесі категориядағы студенттерге беріледі:

1. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студентер

2.  мүмкіндігі шектеулі студенттер

3. Көп балалы отбасынан шыққан студенттер (4 және одан да көп, 18 жасқа дейінгі)

4. Азқамтылған отбасынан шыққан студенттер

5. Толық емес отбасынан шыққан студенттер

6.  Басқа қаладан келген студенттер