БАКАЛАВРИАТ

Құжаттарды қабылдау мерзімі және шарттары

10 наурыз-10 мамыр Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге өтініштерді қабылдау
20 маусым-01 шілде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу
20 маусым-07шілде Шығармашылық мамандықтарға өтініш қабылдау.
08 шілде-13 шілде Шығармашылық емтихандар.
20 маусым-18тамыз  Арнайы емтихандарға өтініш қабылдау (педагогикалық мамандықтар).
05 маусым-14 шілде  Арнайы емтихан (педагогикалық мамандықтар ).
01 маусым-20 маусым  Кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау.
17 шілде-23 шілде  Кешенді тестілеу.
23 шілде-31 шілде Мемлекеттік білім беру гранттар сайысына құжаттарды қабылдау .
01 тамыз-08 тамыз  Кешенді тестілеуді қайта тапсыруға өтініштерді қабылдау.
19 тамыз-24 тамыз  Кешенді тестілеуді қайта тапсыру.
20 маусым-28 тамыз Жоғары кәсіби білім негізінде құжаттарды қабылдау.
10 тамыз-28 тамыз  ПМУ-ға студенттер қатарына қабылдау.

Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы 10-28 тамыз аралығында өткізеді. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі  құжаттары  бар түлектерді  оқуға қабылдау үшін қажетті ең кемінде – 50 балл (жоғары кәсіптік білімнен басқа), оның ішінде  негізгі пәндерінен  кемінде 5 балл, бейінді пәндерінен -  кемінде 15 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 15 балл).

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін  -  ең кемінде 35 балл, оның ішінде негізгі пәннен кемінде 5 балл,  бейінді пәннен кеімнде  13 балл. 

 

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу

Мемлекеттік білім грантын беру конкурсына қатысуға өтінішті қабылдау мерзімі – 23 шілдеден 31 шілдеге дейін.

ҰБТ және кешенді тестілеуді өткен түлектер, білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға және ЖОО қабылдану үшін келесі құжаттарды тапсырады:

1) қабылдау туралы өтініш;

2) жалпы орта (жалпы орта білім) туралы құжат (түпнұсқа);

3) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің мемлекеттік сертификаты;

4) 3*4 көлеміндегі 6 фотосурет;

5) медициналық анықтама (086-У нысаны) нарко-, психдиспансер мөрімен + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру(түпнұсқа), екпе картасының көшірмесі;

6) жеңілдік беретін құжаттар (жетім балалар екі ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетеді, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, және де бала күнінен мүгедек балалар таңдаған мамандық бойынша оқу үшін зарарлығы жоқтығын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын көрсетеді);

7) тіркелген куәлігінің көшірмесі (ер балаларға) күндізгі оқыту формасына;

8) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

9) бауы бар папка, конверт.

Кешенді тестілеуге қатысу

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған, халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.

Кешенді тестілеу төрт пән бойынша өткізіледі:

- мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі),

- Қазақстан тарихы,

- математика,

- таңдау пәні.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа) + 2 көшірме;

3) тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;

4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру (түпнұсқасы), екпе картасының көшірмесі;

6) жеңілдік беретін құжаттар (жетім балалар екі ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетеді, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, және де бала күнінен мүгедек балалар таңдаған мамандық бойынша оқу үшін зарарлығы жоқтығын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын көрсетеді);

7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

8) тіркелген куәлігінің көшірмесі (ер балаларға) күндізгі оқыту формасына;

9) бауы бар бума, конверт.

Мемлекеттік білім грантын беру конкурсына қатысуға өтінішті қабылдау мерзімі – 23 шілдеден 31 шілдеге дейін. 

Кешенді тестілеуді қайта тапсыруға қатысу үшін қабылданушы жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына  арнайы нысан бойынша бекітілген бланкіде өтініш, жалпы орта білім туралы аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сонымен қатар ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификатын тапсырады. 

Қосымша кешенді тестілеуге  қатысу үшін шартты түрде қабылданған студент жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына  арнайы нысан бойынша бекітілген бланкіде өтініш, тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек тапсырады.

 

Кешенді тестілеуге төлеу үшін банк реквизиттері:

Талапкерге кешенді тестілеудің ақысы 2242 теңгені құрайды және төлем Қазпошта немесе «Қазақстан Халық банкі» бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК

010011 Астана қ., Жеңіс пр., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX КБЕ 16

Педагогикалық мамандық түсушілер бір арнайы емтихан тапсырады.

Педагогикалық мамандықтарға арнайы емтихан тапсыратын түлектердің өтініштері қабылдау 20-маусымнан 18-тамызға шейін қабылдау комиссиясында қабылданады.

5В010300 Педагогика және психология Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят
5В011400 Тарих Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиет Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят
5В011800 Орыс тілі мен әдебиет Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят
5В011900 Шетел тіл: екі шет тілі Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят
5В012000 Кәсіби оқыту Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят
5В010900 Математика Психологиялық тестілеу Педагогикалық жағдаят

Шығармашылық мамандықтар

Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 7 шілде аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясы жүргізеді. Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Мектеп түлектері  мен колледжден кейін ұқсас емес  мамандықтарға түсушілер үшін   -  әр мамандық бойынша шығармашылық емтихандар көлемі - 2. Әрбір шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл саны - 40.  Әрбір шығармашылық емтихан бойынша 15 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген тұлғалар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін тестілеудің  мынадай екі пәні бойынша балдар ескеріледі:  оқу сауаттылығы мен Қазақстан тарихы. 

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін   - 1 шығармашылық емтихан,

Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл саны - 20.  

Шығармашылық емтихан бойынша 5 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген тұлғалар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Шығармашылық мамандыққа түсетін тұлғалар үшін бейінді пәннен тестілеу нәтижелері есепке алынады.

 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің шығармашылық мамандықтар тізбесі

ШифрМамандықтар атауыМамандыққа бейімдейтін пәнТаңдау бойынша пән
5В010600 Музыкалық білім 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
5В040200 Аспапта орындаушылық (тек музыка колледжінің түлектері үшін) 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
5В050400 Журналистика 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
5В010800 Дене шынықтыру және спорт 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
5В042000 Сәулет 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан
5В042100 Дизайн 1 шығармашылық емтихан 2 шығармашылық емтихан

Мемлекеттік білім грантын беру конкурсына қатысуға өтінішті қабылдау мерзімі 23 шілдеден 31 шілдеге дейін.

Жоғары кәсіптік білім негізінде (екінші жоғары білім) құжаттарды қабылдау

С. Торайғыров атындағы ПМУ-ға екінші жоғары оқу орнына құжаттарды қабылдау 1 маусымнан  28 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) қабылдау туралы өтініш;

2) диплом қосымшасымен (тұпнұсқа) + 2 көшірме;

3) 3*4 көлеміндегі 6 фотосурет;

4) медициналық анықтама (086-У нысаны) нарко-, психдиспансер мөрімен + көшірме;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) бауы бар папка, конверт.

ЖОО-ға қабылдау коммиссия өткізетін әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.

 

ЖОО-ға қабылдау үшін қажетті құжаттар

1) ректордың атына өтініш;

2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің мемлекеттік сертификаты;

4) мемлекеттік білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлік (бар болса);

5) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, флюорография, RW-ға қан тапсыру (түпнұсқасы), екпе картасының көшірмесі;

7) жеңілдік беретін құжаттар (жетім балалар екі ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлікті көрсетеді, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, және де бала күнінен мүгедек балалар таңдаған мамандық бойынша оқу үшін зарарлығы жоқтығын белгілейтін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысын көрсетеді);

8) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

9) тіркелген куәлігінің көшірмесі (ер балаларға) күндізгі оқыту формасына;

10) ақылы түрде оқитын талапкерлерге келісім шарт;

11) талапкердің жеке картасы;

12) бауы бар бума, конверт.

Білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарының білім беру туралы құжаттары, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру, біліктілігі расталған білім беру құжаттары бар және мамандығы бойынша кем дегенде бір жыл кәсіби тәжірибесі бар адамдар, қосымша келесі құжаттардың бірін тапсырады.

13) Еңбек кітапшасы;

14) жұмыс берушінің қолы қойылған, тиісті түрде мөрмен куәландырылған (егер бар болса) қызмет тізімі (қызметкердің еңбек қызметі жұмысы туралы ақпарат тізімі), 

15) қызметкердің қызметі туралы ақпаратты қамтитын мұрағаттық анықтама

* Шартты түрде қабылдануға үміткер түлға қабылдау комиссиясына өтінішке қоса жалпы орта білім туралы немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы құжат (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, кешенді тестілеудің немесе кешенді тестілеуді қайта тапсырған сертификатын тапсырады.  

Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған тұлғаларға куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнынына қабылдану жөнінде өтініш білдіреді және ректорының бұйрығымен жоғары оқу орнының студенттер қатарына қабылданады


Жоғары кәсіптік білім мамандықтарының және мамандандырулардың тізімдемесі.

С. ТОРАЙҒЫРОВ атындағы ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ – бұл көп салалы жоғары оқу орны. Мемлекеттік және орыс тілінде әр түрлі бағытта күндізгі және сырттай оқу түрінде, толық (жалпы орта білім беру негізінде) және қысқартылған (техникалық және кәсіптік білім және жоғары білім негізінде) оқу бағдарламаларымен жоғары кәсіби білімді мамандарды дайындайды.

Университет құрамындағы 9 факультет жұмыс істейді:

  • FOUNDATION ФАКУЛЬТЕТІ
  • ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
  • МЕТАЛЛУРГИЯ, МАШИНА ЖАСАУ ЖӘНЕ КӨЛІК ФАКУЛЬТЕТІ
  • СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ
  • МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
  • ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
  • ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
  • ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
  • АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Код Мамандықтар топтары мен мамандықтар атауы Таңдау бойынша пәндер Бейіндік пән
Бакалавриат мамандықтары
1. Білім
5В010300 Педагогика және психология Биология Биология
5B010600 Музыкалық білім 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5B010700 Бейнелеу өнері және сызу 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5B010800 Денешынықтыру және спорт 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В010900 Математика Физика Математика
5B011400 Тарих Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы
5B011700 Қазақ тілі мен әдебиеті Қазақ әдебиеті Қазақ тілі
5B011800 Орыс тілі мен әдебиеті Орыс әдебиеті Орыс тілі
5B011900 Шетел тілі: екі шетел тілі Шет тілі Шет тілі
5B012000 Кәсіптік оқыту Физика Математика
2. Гуманитарлық ғылымдар
5B020300 Тарих Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы
5B020400 Мәдениеттану Дүниежүзі тарихы Қазақстан тарихы
5B020500 Филология Әдебиет Ана тілі
5B020700 Аударма ісі Шет тілі Шет тілі
5B020800 Археология және этнология Дүниежүзі тарихы Қазақстан тарихы
5B021000 Шетел филологиясы Шет тілі Шет тілі
3. Құқық
5B030100 Құқықтану Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы
4. Өнер
5B040200 Аспаптық орындаушылық 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5B042000 Сәулет 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5B042100 Дизайн 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
5B050200 Саясаттану Дүниежүзі тарихы Қазақстан тарихы
5B050300 Психология Биология Биология
5B050400 Журналистика 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5B050600 Экономика География Математика
5B050700 Менеджмент География Математика
5B050800 Есеп және аудит География Математика
5B050900 Қаржы География Математика
5B051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару География Математика
5B051100 Маркетинг География Математика
6. Жаратылыстану ғылымдары
5B060100 Математика Физика Математика
5B060200 Информатика Физика Математика
5B060300 Механика Физика Математика
5B060400 Физика Физика Физика
5B060600 Химия Химия Химия
5B060700 Биология Биология Биология
5B060800 Экология Биология Биология
5B060900 География География География
7. Техникалық ғылымдар және технологиялар
5B070100 Биотехнология Биология Биология
5B070200 Автоматтандыру және басқару Физика Математика
5B070300 Ақпараттық жүйелер Физика Математика
5B070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету Физика Математика
5B070800 Мұнай газ ісі Физика Математика
5B070900 Металлургия Физика Математика
5B071200 Машина жасау Физика Математика
5B071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар Физика Математика
5B071600 Аспап жасау Физика Математика
5B071700 Жылу энергетикасы Физика Математика
5B071800 Электр энергетикасы Физика Математика
5B071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар Физика Математика
5B072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы Химия Химия
5B072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы Химия Химия
5B072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) Физика Физика
5B072700 Азық – түлік өнімдерінің технологиясы Химия Химия
5B072900 Құрылыс Физика Математика
5B073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру Физика Математика
5B073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі Физика Математика
5B073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология Физика Математика
5B074500 Көлік құрылысы Физика Математика
8. Ауылшаруашылық ғылымдары
5B080100 Агрономия Биология Биология
5B080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы Биология Биология
5B080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы География География
9. Қызмет көрсету
5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру Физика Математика
5В090200 Туризм География География
5В090500 Әлеуметтік жұмыс География География

 

  - ауыл квотасы
     

 

С.Торайғыров атындағы ПМУ мамандықтарына 2016 жылғы межелік өту балдары (күндізгі оқу бөлімі)

2016 ЖЫЛҒЫ С. Торайғыров ат. ПМУ МАМАНДЫҚТАРЫ (КҮНДІЗГІ ОҚУ) БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА МЕЖЕЛІК ӨТУ БАЛДАРЫ

Мамандық Жалпы Ауыл Грант саны
қаз/ор
Конкурс
қаз/ор
Таңдау пәні Бейінді пән
Шифр Атауы қаз. ор. қаз. ор.
1 5B010600 Музыкалық білім 97 91 94 82 8/2 15/12 2-ші шығ.емт 1-ші шығармашылық емтихан
2 5B010700 Бейнелеу онері және сызу 94 93 92 86 8/2 12/18,5 2-ші шығ.емт 1-ші шығармашылық емтихан
3 5B010800 Денешынықтыру және спорт С-87 С-83 С-80 91 11/4 17,18/24 2-ші шығ.емт 1-ші шығармашылық емтихан
4 5B042000 Сәулет 97 96 - - 27/9 5,48/11,89 2-ші шығ.емт 1-ші шығармашылық емтихан
5 5B042100 Дизайн 95 97 - - 23/7 10,74/18,14 2-ші шығ.емт 1-ші шығармашылық емтихан
6 5B050400 Журналистика 99 97 96 90 60/20 7/8,1 2-ші шығ.емт 1-ші шығармашылық емтихан
7 5B050300 Психология 91 94 - - 26/9 19,54/26,78 биология биология
8 5B060700 Биология 88 87 - - 94/31 11,03/13,26 биология биология
9 5B060800 Экология 88 86 - - 99/33 12,34/15,27 биология биология
10 5B070100 Биотехнология 91 91 84 79 225/75 12,43/10,87 биология биология
11 5B080100 Агрономия 81 74 77 69 161/54 16,66/8,76 биология биология
12 5B080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы 81 74 77 69 203/67 12,21/6,94 биология биология
13 5B010300 Педагогика және психология 89 85 85 78 53/17 44,34/27,18 биология биология
14 5B020800 Археология және этнология 88 87 - - 11/4 20,82/14,75 дүниежүзі тарихы Қазақстан тарихы
15 5B011400 Тарих 88 86 87 84 38/12 16,71/11,42 дүниежүзі тарихы дүниежүзі тарихы
16 5B020300 Тарих 90 88 - - 60/20 8,47/7,7 дүниежүзі тарихы дүниежүзі тарихы
17 5B020400 Мәдениеттану 88 87 - - 8/2 14,13/17,5 дүниежүзі тарихы қазақстан тарихы
18 5B030100 Құқықтану А-92 100 - - 34/11 16,76/19,09 дүниежүзі тарихы дүниежүзі тарихы
19 5B050200 Саясаттану 100 94 - - 15/5 14,47/16,4 дүниежүзі тарихы қазақстан тарихы
20 5B050600 Экономика А-96 А-92 А-92 90 23/7 33,48/61,71 география математика
21 5B050700 Менеджмент А-94 А-91 - - 23/7 35,87/64,71 география математика
22 5B050800 Есеп и аудит А-97 А-92 А-93 А-90 26/9 31,96/55,22 география математика
23 5B050900 Қаржы А-97 А-94 - - 23/7 34,57/69,71 география математика
24 5B051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару А-96 А-88 А-93 92 22/7 37,23/42 география математика
25 5B051100 Маркетинг А-89 Н-100 - - 26/8 16,88/35,75 география математика
26 5B060900 География 87 85 - - 64/21 7,47/8 география география
27 5B080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы 85 82 83 78 41/14 19,98/13,29 география география
28 5B090200 Туризм 89 88 - - 210/70 7,68/9,3 география география
29 5B090500 Әлеуметтік жұмыс 88 87 85 82 68/22 11/10,45 география география
30 5B011900 Шетел тілі: екі шетел тілі: (ағылшын тілі) 96 96 89 88 311/104 6,99/6,86 шет тілі шет тілі
31 5B020700 Аударма ісі А-94 А-93 - - 10/5 106,6/106 шет тілі шет тілі
32 5B021000 Шетел филологиясы: ағылшын тілі А-91 А-94 - - 7/2 78,14/144,5 шет тілі шет тілі
33 5B011700 Қазақ тілі мен әдебиеті 86 - 81 - 305/0 5,66/0 қазақ әдебиеті қазақ тілі
34 5B020500 Филология 96 84 - - 79/0 7,41/0 әдебиет ана тілі
35 5B011800 Орыс тілі мен әдебиеті - 83 - 81 0/60 0/1,43 орыс әдебиеті орыс тілі
36 5B040200 Аспаптық орындаушылық 86 88 - - 4/1 6/8 2-ші шығ.емт 1-ші шығармашылық емтихан
37 5B010900 Математика 88 81 86 77 128/42 13,68/5,55 физика математика
38 5B012000 Кәсіптік оқыту 79 70 78 63 113/37 16,07/6,81 физика математика
39 5B060100 Математика 88 79 - - 116/39 6,22/4,59 физика математика
40 5B060200 Информатика 82 76 - - 165/55 5,6/4,93 физика математика
41 5B060300 Механика 85 78 - - 60/20 6,68/5,85 физика математика
42 5B060400 Физика 82 74 - - 98/32 6,48/5,03 физика физика
43 5B070200 Автоматтандыру және басқару 89 87 - - 225/75 7,61/7,15 физика математика
44 5B070300 Ақпараттық жүйелер 95 94 82 75 233/77 12,24/9,86 физика математика
45 5B070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 87 85 - - 345/115 7,9/7,04 физика математика
46 5B070800 Мұнай газ ісі 85 85 75 66 225/75 6,96/5,53 физика математика
47 5B070900 Металлургия 75 67 - - 233/77 10,43/6,94 физика математика
48 5B071200 Машина жасау 76 68 - - 356/119 8,66/6,01 физика математика
49 5B071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар 85 82 77 66 373/124 8,94/6,47 физика математика
50 5B071600 Аспап жасау 79 76 - - 356/119 8,66/6,01 физика математика
51 5B071700 Жылу энергетикасы 88 87 81 69 143/47 13,55/9,91 физика математика
52 5B071800 Электр энергетикасы 91 91 85 77 177/59 13,69/11,12 физика математика
53 5B071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 95 91 86 74 285/95 8,98/6,25 физика математика
54 5B072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) 76 69 - - 337/112 8,87/6,39 физика физика
55 5B072900 Құрылыс 88 87 81 69 270/90 11,39/6,51 физика математика
56 5B073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру 78 70 - - 154/51 8,56/4,41 физика математика
57 5B073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі 87 82 82 69 113/37 11,4/7,65 физика математика
58 5B073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология 83 81 - - 60/20 12,03/7,5 физика математика
59 5B074500 Көлік құрылысы 79 71 76 62 124/41 9,89/4,07 физика математика
60 5B090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру 94 93 87 87 63/21 11,16/11,24 физика математика
61 5B060600 Химия 91 79 - - 113/37 4,78/4,65 химия химия
62 5B072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы 81 67 - - 191/64 5,86/3,77 химия химия
63 5B072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 87 78 - - 161/54 7,11/4,96 химия химия
64 5B072700 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы 80 73 75 58 150/50 8,11/4,52 химия химия

Ескерту:       А - "Алтын Белгі" иегерлері; О - олимпиада жеңімпаздары; С - спорттық жарыс жеңімпаздары; Ғ - ғылыми жарыс жеңімпаздары, ДБҰ-дербес білім беру ұйымдары

Шығармашылық мамандықтар бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В010600 Музыкалық білім мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В040200 Аспапта орындаушылық мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В050400 Журналистика мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В010800 Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В042000 Сәулет мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В010700 Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

5В042100 Дизайн мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханының бағдарламасы

 

конец faq

С. Торайғыров атындағы ПМУ қош келдіңіз!!!
Біздің мекенжайымыз: Павлодар қ., Ломова к., 64, Біздің сайтымыз: www.psu.kz
Қабылдау комиссиясы:  А-111, А-113 каб., тел. (8-7182) 673773, 673774, +77073673773
Дайындық курстары: Ак. Шөкин к-сі, 139, 202 каб., тел.: 8(7182) 67-36-50