ҒЗЖ және СҒЗЖ

Профессор Қ.Қ. Ахметов «Биологический контроль численности кровососущих мошек р. Иртыш при помощи бактериального препарата «Бактицид»», «Разработка технологии применения бактерицидного препарата «Бактицид» для снижения численности кровососущих двукрылых» АО «Сиббиофарм» (Россия, Барнаул), «Исследование биологических особенностей медведки обыкновенной (Gryllotalpa gryllotalpa)», «Проведение экологической экспертизы путем оценки воздействия окружающей среды и аудита природоохранных мероприятий», «Исследования морфофункциональных особенностей тканевых и клеточных механизмов приспособлений паразитических плоских червей из класса трематод» тақырыптары бойынша ғылыми жобалар жұмыс тобының жетекшісі болып саналады.

Профессор Ұ.Қаманұлы «Восстановление лесов и биологического разнообразия на границе лесостепи в горах Алтая и Хангая под влиянием изменения поголовья скота в Казахстане и Монголии» ғылыми-зерттеу жобасын Георг Август Геттин университетінің (Германия) Албрехт фон Халлер атындағы Ботаники Институтымен бірге басқарады. Жобаның қатысушылары болып кафедра докторанттары У.Д. Бүркітбаева, С. Төлеутаев, Ш. Жантлесова саналады.

28.12.2012 ж. ҚР Үкіметі «Дарын-2012» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері «Ғылым» номинациясында Биология және экология кафедрасының б.ғ.к., доценті Қалиева А.Б. болды.

2013 жылдың маусым айында ACQUIN (Германия) Аккредитациялық комиссиясы С. Торайғыров атындағы ПМУ Бизнес-класстерінің оқу бағдарламалары (5В090200 – Туризм мамандығы) аккредитацияны табысты өткені туралы қарар шығарды.

Студенттердің дипломдық жұмыстары мен жобаларының тақырыптары кафедраның ғылыми-зерттеу бағыттарына негізделеді, мамандықтардың кең спектр сұрақтары қамтылған; дипломдық жұмыстар мен жобалар тақырыптарының өзектілігі және оларды тәжірибе жүзінде қолдану өндірістік тәжірибесі өтетін кәсіпорын мамандарымен келісу негізінде қамтамасыз етіледі. Бітіруші жұмыстарды әзірлеу кезінде жаңа әдістер мен материалдарды жинау технологиялары қолданылады. Бітіруші жұмыстарды қорғау нәтижелері бойынша аса ерекшеленген студенттер мен магистранттар магистратура мен докторантураға түсу үшін ұсынылады.

Қазақтан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған мерекелік іс-шаралардың шеңберінде, 2012 жылдың 28 қарашада

ХТжЖФ студенттері «In Kaz» экология, туризм және кәсіпкерлік саласындағы Халықаралық Жастар инновациялық форумына қатысты. Волошин Станислав – Тур-302 тобының студенті (ғылыми жетекші – География және туризм кафедрасының аға оқытушысы Касенова Г.К.) «Болашақ қонақ үйі» жобасы («Туризм саласындағы ең үздік идея» номинациясында 1 орын); Нұрхамитова Батеш (ғылыми жетекші – Биология және экология кафедрасының б.ғ.к., доценті Каниболоцкая Ю.М.) – «Павлодар қ. қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін кешенді шешу» жобасы («Экология саласындағы ең үздік идея» 1 орын).

2013 жылдың сәуір айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен республикалық студенттік олимпиаданың «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша ХТОВ-402 тобының студенті Салихов Данияр жеңімпаз болды.

Факультеттің барлық профессор-оқытушы құрамы әр түрлi бастамашыл ғылыми жұмыстарды орындауға қатысады.

Ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

  • Шыбын-шіркейлердің биологиясын, экологиясын және фенологиясын зерттеу арқылы қансорғыштардың санын реттеу шараларын дайындау;
  • Паразиттік жалпақ құрттардың клеткалық, ұлпалық, ағзалық бейімделу механизмдері және функционалдық морфологиясы;
  • Ертіс өзені жайылымының биологиялық алуандылығын қорғау және қалпына келтіру;
  • Ертіс өзенінің су шаруашылығы бағдарламаларының негізін жасау;
  • Сұйық-кристалды қосындылардың конформациялық жағдайын зерттеу;
  • Йодалифтиялық қосындылардың радикалды реакциялары;
  • Ертіс өзенінің су қорларын көліктік басқарылуының экологиялық және геоэкологиялық аспектілері;
  • Жердің құнарлылығы мен экологиялық қызметін жаңғырту;
  • Биология және өсімдіктер дамуының ырғағы;
  • Мұнай өнімдерімен ластанған жер қабатын рекультивациялау;
  • Алтын өндіру мен өнеркәсіптен соң жерлерді қалпына келтіріп, табиғи өзін-өзі қолдайтын ландшафтты қалпына келтіру;
  • Павлодар облысының топонимикасы;
  • Экологиялық мектепке дейінгі және мектепте білім беру мекемелерінде экологиялық мәдениетті дамыту.

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша қаржыландыру көлемі 2012 ж. 26 млн. 300 мың теңгені құрады. Бiр штаттық ПОҚ – 417.460 теңге.