Университеттің студенттік өмірі академиялық сабақтармен шектеліп қалмай олардың алдында өз қабілеттіліктерін  жарқырата ашуға және белсенділіктерін көрсетіп, демалуға мүмкіндіктері өте көп.

Соңғы жылдары біздің университет қала мен облыстың рухани-мәдени орталығына айналды. 2001 жылы   С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Ерлан Мұхтарұлының ынталандыруымен студенттік филармония ұйымдастырылды.

Студенттік филармонияның ең негізгі мақсаты – студенттердің  көркемдік әлемі мен шығармашылығын жан-жақты дамыту, университет имиджін құруға және сүйемелдеуге қатысу.

Екі жүзден аса студенті бар студенттік филармонияның 6 студенттік көркем шығармашылық ұжымы бар. Жыл бойы осы ұжымдар ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларға, қала тұрғындары мен облыс ауылдарына, тақырыптық және мерейтойлық шараларға   концерт береді.

Жыл сайын студенттік филармония музыкалық дисктер шығарады, олардың ішінде , «Кереку-Баян әуендері», 5 шығарылым «Nostalgie», онда 70-80-ші жылдардың әндері шырқалады, «Соғыс жылдардың әндері», «Азия» дуэтінің әндері», Е.Айтбаевтің жеке дискі «Ш. Қалдаяқов әндері», «Н.Тілендиевтің шығармашылық кеші», «И.Жақановтың әндері» бар. Студенттік филармонияның 5-жылдық мерейтойы мен университеттің 45 – жылдық  мерейтойына арналған «С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың алтын дискісі» атты жинақ шығарылды, онда студенттік филармонияның әр жастағы жеке орындаушылардың 500 шығармашылығы енді. Студенттік филармонияның мықты материалды –техникалық базасы кең – көркемдік ұжымның сахналық костюмдарынан бастап, қазіргі кезгі дыбыс көріктеушілер мен жарық аспаптарына дейін қамтамасыз етілген.

2006 жылы студенттік филармонияның 4 бірдей шығармашылық ұжымы «халықтық ұжым» атағына ие болды. Олар: Естай атындағы ұлт аспаптар оркестрі, «Ертіс жұлдыздары» атты вокалдық студия, «Джем» қазіргі заман би тобы, «Ақ ерке» қазіргі заман би студиясы.   

Студенттік филармонияда «Шабыт» эстрадалық ән студиясы -  жетекшісі Анна Алексеева және вокалдық-аспаптық ансамбль бар – жетекшісі – Полоденцев Владимир, Студенттердің  театры – жетекшісі Бахтиярова Гүлбарам Мақсұтқызы, Көңілділер мен тапқырлар клубы  - Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ПМУ-дің 9 факультеті мен колледжінің топтары, аралас хор – жетекшісі Негманова Унзилә, жас ақындар клубы жұмыс істейді.

«Арт-Кода» – вокалды аспаптық ансамблі жетекшісі  Положенцев Владимир Владимирович,  Сондай –ақ университет қабырғасында студенттік театр қызмет жасайды,  жетекшісі Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Бахтиярова Гүлбарам Мақсұтқызы .

Студенттік филармонияның құрамындағы өнерпаздар халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық және университеттік фестивальдар мен байқауларға белсене қатысады. Мысалы, «Жас толқын» тәрізді республикалық студент жастар фестивалі, «Ертіс жұлдыздары» атты студенттер, жоғары және орта кәсіби оқу орындары тәлімгерлерінің фестивалі, республикалық «Дос-Мұқасан ансамблі әндерінің» фестивалі.      


Біздің жетістіктер:

1. Брейк - данстан аймақтық фестиваль «Бурабай-2006» «Ең жақсы би-бой» (төменгі брейк) номинациясында – Даурен Темиргалиев,  ВТИП – 21қ тобы;

2. «Бақыт құшағында» атты  Шәмші Қалдаяқов атындағы республикалық студенттік сайыс, Тараз қаласы – 3 орын, вокалды дует Дамир Даиров и Ербол Галия;

3.«Таулы Алтайдағы энергетика күні» (Рессей) халықаралық студенттік жастар фестивалі.

Облыстық және республикалық фестивалдер мен сайыстар университет қабырғасында үлкен табыстармен өткізіледі.  

4. Студенттік филармонияның «халықтық» «Джем» қазіргі заман би студиясы» қалалық және облыстық V ұлттық жастар «Дельфилік» ойындарында жеңіске жеті. Байқауда топтың «Жігер» атты екінші  құрамы жеңді, өткен жылғы Тараз қаласында өткен байқауда  1 топтың құрамы  жеңді, яғни алтын медаль иегері атанды.

5.  2009 жылдың 30 мен 6 –шы шілде аралығында Қарағанды қаласында Дельфи ойындары байқауында Джем тобы  3 орынға ие болды

6.    2009 жылдың 3 шілдеде Астана күніне орай брейк-данстан жарыс өткізілді. «Урбан культуры» атты байқауда аталымш «джем» тобының 4 қатысушысы 3 орынға ие болды.

7. Екібастұз ақаласында аймақтық байқаудан топтық және 4 адамнан құралған топ 1 және 2 орындарға ие болды

8. 2009 жылдың  6-8 қарашасында С.Торайғыров атындағы ПМУ –да халықаралық  «Хип-хоп» құрылтай байқауы өткізілді. Байқауға Омбы қ,, Новосибирск қ, Астана қ, Алматы қ, Атырау қ, Ақтөбе қ, Семей қ, Екібастұз қалаларынан қатысты. Жалпы командалық жарыстан 1 орынға ие болды.  Топ жетекшісі Омарбеков Р.Қ. Новосибирск қаласының ұстазадары өткізген  мастер-классқа қатысып арнаулы сертификатқа ие болды. 

9 . 2009 жылдың  26-27 қарашасында  Омбы қаласында халықаралық «Хип-хоп» фестивалі  өткізілді. Ол жарыста да біздің «Джем» тобы «Hip-hop 1+1», «House 1+1», «Toprock» номинациялар бойынша басты 3 орынды иеленді.   

Біз үнемі студенттермен жұмыс жасаудың жаңа жолдарын іздейміз. Жыл сайын «Студенттік көктем», «ПМУ аруы», «ПМУ Super Star-ы», «ұлттық салт-дәстүр», «Көркемсөз оқу мен жүргізушілер» және т.б. фестиваль, байқаулар өткізіліп тұрады.

Студенттік филармонияның ұжымы отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне, әскери бөлім қызметкерлеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық концерттерін беріп тұрады.

Естай атындағы «халықтық» қазақ халық аспаптары оркестрі С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің студенттік филармониясы    2001 жылы қазақ халық аспаптар оркестрімен толықты. Оркестр құрамына орындаушылық шеберлік және басқа факультеттердің студенттері  кіреді. Ұжым жыл сайын жаңа орындаушылармен толығып отырады, Оркестрдің ең басты бағыты-қазақ музыкасынан, шетел классиктерінен, орыстың әйгілі сазгерлерінен үлгі алу. Оркестрдің жетекшісі -  музыка Академиясының түлегі, облыстағы атақты күйші, Мәдениет қайраткері Талғат Кәрімов.

2006 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттік филармониясының  Естай атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің  ұжымы «халықтық» деген атаққа ие болды.


  

«Джем» қазіргі заман би тобы. Негізін салған – хореограф, топтың көркемдік жетекшісі – Омарбеков Рулат. Бишілер ұжымында ПМУ студенттерінен басқа қаланың басқа  ЖОО-ның да студенттері бар. Салауатты өмір салтын құру – бұл ұжымның басты бағыты. Университет өткізетін әр түрлі іс-шараларға, акцияларға аталмыш ұжым белсене қатысады, мысалы, «Жастар темекі тартуға қарсы», «Нашақорсыз өмір»  және т.б. Павлодар аймағында өткізілетін  барлық негізгі іс-шараларға үлкен сұраныспен шақырылуына қарағанда ұжым шығармашылығының өркендеп келе жатқаны көрінеді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың студенттік филармониясының «Джем» қазіргі заман би студиясының ұжымы 2006 жылы «халықтық» деген атаққа ие болды. 

С.Торайғыров атындағы ПМУ-да 2001 жылы студенттік филармонияның «Ақ ерке» қазіргі заман би студиясы құрылды. Бишілер ұжымында 55 адам бар.   Студияға қатысушылар облыстық және қалалық іс –шаралардың тұрақты қатысушылары, сонымен қатар, осы ұжым республикалық фестивальдердің лауреаты мен дипломанттары, мысалы, «Жас толқын» студенттік жастар фестивалі, «Ертіс жұлдыздары» халықаралық студент жастар фестивалінің лауреаттары. Студия университет студенттері мен оқытушылары арасында үлкен сұранысқа ие. Студия жетекшісі білікті маман Айгүл Қадырбаева. С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің студенттік филармониясының «Ақ ерке» қазіргі заман би студиясының ұжымы 2006 жылы «халықтық» деген атаққа ие болды.



С.Торайғыров атындағы ПМУ-да 2001 жылы студенттік филармонияның «Ертіс жұлдыздары»  атты вокалды студиясы құрылды. Жетекшісі -  Пиговаева Нелли Юзефовна. Вокал тобын 28 адам құрайды. Студияның репертуарында 226 ән бар – қазіргі заманның танымал әндері мен өткен жылдар әндері. Ұжым солистері Қазақстан  студенттік жастар фестивалі «Жас толқын», «Дос Мұқасан ансамбілінің әндері», «Ертіс жұлдыздары» халықаралық студенттер және оқушы жастар фестивалі, халықаралық «Шабыт» сайысы (Астана қ.) тәрізді республикадағы әйгілі фестивальдердің лауреаттары мен дипломанттары.

Қала тұрғындары мен облысқа, соғыс және еңбек ардагерлеріне, балалар мен оқушыларға ұжым жиі қайырымдылық концерттер өткізеді.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың студенттік филармониясының «Ертіс жұлдыздары» вокалды студиясының ұжымы 2006 жылы «халықтық» деген атаққа ие болды.

Қазақстанның студенттері мен оқушыларының халықаралық «Ертіс жұлдыздары» фестивалі   

2002 жылдан бастап, С.Торайғыров атындағы ПМУ-да жылда аталмыш фестиваль өткізіледі.  2004 жылы Халықаралық статусқа ие болған студенттік жастар фестивалінің шығармашылық сайысы келесі номинациялар бойынша өтеді: халықтық музыка; халықтық әндер; ақындар айтысы; эстрадалық әндер; билер (халықтық, қазіргі заманғы, спорттық); көркем оқу, сонымен қатар, спорттық жарыстар. Сайыс қорытындысында Павлодар қаласының мәдениет қайраткерлері мен өнертанушыларынан құрылған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап лауреаттар мен дипломанттарға бағалы жүлде тапсырады.

«Дос - Мұқасан ансамбілінің әндері» атты  Республикалық студент жастар фестивалі

Фестивалді ұйымдастырушы  С.Торайғыров атындағы ПМУ. Сайысқа барлық  ҚР ЖОО-ның студент жастары мен студенттік жастар фестивалінің жеңімпаздары қатысады.   Фестивалдің басты мақсаты – мәдени дәстүрлерді қалыптастыру, студенттік ортадағы қабілетті жастарды таныту, шығармашылықтарын дамытуға мүмкіндік беру, сонымен қатар,  эстетикалық талғам мен рухани байлықтарын тәрбиелеу болып табылады.  Сайысқа «Дос Мұқасан» тобының репертуарынан алынған эстрадалық әндерді орындайтын вокалды ұжым мен солистер қатысады.  

«Жас толқын» Республикалық студент жастар фестивалі

Қазақстан Республикасының  әр қаласында жыл сайын мемлекеттік ЖОО базасында «Жас толқын » фестивалі өткізіледі.  2006 жылы «Жас толқын» фестивалі Павлодар қаласында біздің университетте өткізілді. Аталмыш фестиваль аясында мынандай номинациялар бойынша өнер сайысы өтті: Халық музыкасы-«Халық әні» және «Ұлттық аспаптарда орындау»; Эстрадалы ән; Хореография; Ақындар айтысы мен  спорттық жарыстар. Шараға Республиканың 70 ЖОО-нан 400-ден астам студент келді.Барлық қатысушылар өз қалаларын лайықты таныстырды, ал біздің университеттің студенттері басқалардан барлық номинацияларда ерекшеленді.    

Үш күндік сайыста Республика студенттері тек қана өздерінің  әр түрлі бағыттағы таланттарын білдіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар, университет пен қаланың көрікті жерлерін көріп, бір-бірімен жақын танысты.



«Студенттік көктем» фестивалі

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттерінің шығармашылық қызметін белсенділендіру, эстетикалық тәрбие беру және мәдени салт – дәстүрлерді үйрету мақсатында жыл сайын университетте «Студенттік көктем» фестивалі өтеді. Фестивалдің көп жанрлы мінездемесі бар. Әр студент келесі номинациялар бойынша сайысқа қатыса алады:

1.    Халықтық  ән  

2. Халық аспаптарында музыка орындау

3. Эстрадалық ән айту

4. Хореография

5. Мәнерлеп оқу мен жүргізушілік сайысы

6. Сұлулар сайысы.

«Студенттік көктем» фестивалінің қорытындысында қатысушылар арасынан ерекше көзге түскендерді таңдап алып, ең жақсы ұжымдарды лауреат дипломымен марапаттап, бағалы жүлделер табыстайды.