Факультеттің құрылу тарихы

 

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің биологиялық-химиялық факультеті ретінде 2005 жылы құрылған.

Факультетте 9 ғылым докторы, 20 жуық ғылым кандидаты, 70 біліктілігі жоғары оқытушы мен мамандардың 45%-дан астамының ғылыми дәрежесі мен атағы бар.

Студенттер күндізгі бөлімнің 7 мамандығы бойынша және сыртқы оқу бөлімінің 7 мамандығы бойынша оқиды: 5В060700 «Биология», 5В060800 «Экология», 5В090200 «Туризм», 5В060900 «География», 5В072000 «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы», 5В072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В060600 «Химия».

Факультетте магистратураның келесі 7 мамандығы бойынша: 6M060700- «Биология», 6M060900 - «Экология», 6M060900 – «География», 6M090200-«Туризм», 6M060600 – «Химия», 6M072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6M072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»; докторантура PhD 6D060700-«Биология» мамандығы бойынша дайындық жүргізіледі.

Факультеттің құрылымында 3 арнайы кафедра бар:

 

 

Факультет басшылығы

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің деканы - биология ғылымдарының докторы, профессор Ахметов Қанат Қамбарұлы.

Ахметов Қ.Қ.1990 жылы аспирантураны бітіріп, биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны табысты қорғады. 1990 жылдан бастап Павлодар педагогика институтының «Жалпы биология», «Зоология, ботаника және ауыл шаруашылығы негіздері», «Зоология, ботаника және физиология» кафедраларының доценті болып істеді. 1996-2003 жылдары С.Торайғыров атындағы ПМУ-да мынадай лауазымдарға ие болды: жаратылыстану және педагогика факультетінің деканы, жаратылыстану және педагогика оқу-өндірістік кешенінің директоры, жаратылыстану факультетінің деканы, жаратылыстану институтының директоры. 2004 жылы шифрі 03.00.19 паразитология мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады. «ҚР ғылымының Еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталған. Ол биологиялық мамандықтардың оқу жоспарларына «Гельминттердің функционалдық морфологиясы», «Ертістің Павлодар өңіріндегі екі қанатты қансорғыштар және олардың санын биологиялық бақылау» атты арнайы курстарды жасап енгізді.

Қ.Ахметовтың жетекшілігімен биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын 4 адам қорғады, 40-тан астам магистрлік диссертация қорғалды, 1999 және 2002 жылдары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары екі рет ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталды. ООО «Сиббиофарм» (Новосібір, Ресей) тапсырысы бойынша «Бактицид» препаратының өзендер жағдайында қансорғыш шіркейлер дернәсілдеріне қолдану технологиясын іске асырды. «Қазақстан Республикасының білім саласындағы Құрметті қайраткері» төс белгісімен марапатталды, 2015 ж.

Б.ғ.д., профессор Қ.Қ. Ахметовпен ҚР БҒМ қаржыландырылатын инновациялық жобалар бойынша үлкен жұмыс атқарылып келеді:

1. «Қоршаған ортаға әсерді бағалау жолымен экологиялық сараптама жүргізу және табиғатты қорғау шараларына аудит». Жоба ұзақтығы: 2011-2014 жж.

2. «Трематод класына жататын паразитті жалпақ құрттардың бекінуінің ұлпалық және жасушалық мханизмдерінің морфофункционалдық ерекшеліктерін зерттеу». Жоба ұзақтығы: 2013-2015 жж.

3. «Павлодар Ертіс маңының табиғи мұрасын (палеонтологиялық) зерттеу, жүйеге келтіру және сақтау». Жоба ұзақтығы: 2012 - 2014 жж.

4. «Жануарлардың ағзасындағы туберкулездің дамуын тежеу және оның алдын алу үшін биологиялық препарат жасау мақсатында кәдімгі бұзаубастың (Grylotalpa gryllotalpa) биологиялық ерекшеліктерін зерттеу».

Негізгі ғылыми еңбектері:

1.Функциональная морфология и функциональные основы молекулярной организации эукариотических клеток : учебное пособие для магистрантов и докторантов специальности 6M060700, 6D060700-Биология. Паводар, 2013 ж.

2. Особенности ультраструктурной организации эпителия кишечника трематоды. «Вестник Зоологии», №6, 2013. с.68-69.

3. Ультраструктура и функциональная морфология мужской и женской особей трематоды Dendrithobilharcia pulverulenta (Braun, 1901) (Trematoda: Schisthosomatidae)// Российский паразитологический журнал. 2012, № 4. С.14-23

4. Функциональная морфология покровной ткани и кишечного эпителия представителей класса Trematoda (тип Plathelminthes) / Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований, №9, 2012, г. Москва. (18-19)

5. Некоторые особенности яйцеклеток трематод семейства Echinostomatidae (Same characteristics of ovarium of Trematodes famale Echinostomatidae)// Global communicathion and internathional scieutific jornal. 2010, №2 (3). P. 75-79 (Niderland).

6. Электронномикроскопическое исследование мужских гамет трематоды Echinostoma revolutum (Frochlich, 1802).- Периодический международный научный бюллетень. Перспективы инноваций в экономике и бизнесе, Чехия, Прага.

7. Ультраструктура сперматозойдов трематоды hypoderaeum conoideum (trematoda: echynostomatidae).- «Биоразнообразие и устойчивое развитие природы и общества» Международная научно-практическая конференция, посвященная 75-летию КазНУ им.аль-Фараби и 75-летию биологического факультета. Часть2. Алматы «Қазақ университеті» 2009. Стр.65-68.

8. К вопросу о структурной и функциональной организации наружного слоя покровов трематод.// ВЕСТНИК КазНУ Серия биологическая. №4 (39)\ 2008. Стр. 36-38

9. Особенности ультраструктурной организации семенников, семенного пузырька и простатической железы трематоды Hypoderaeum conoideum// Вестник КазНУ им. Аль-Фараби, серия биологическая. №4. 2008. С.38-52

10. Электронно-микроскопическое исследование мужской половой системы трематоды Hypoderaeum conoideum. – Поиск. Ізденіс. Серия естественных и технических наук. №4. 2008. С.50-67.

11. Роль формирования синцитиальной структуры покровной ткани у плоских червей// Вестник КазНПУ. Серия биологическая. 2008. С.15-19.

12. К вопросу о роли синцитиальных структур в органая паразитических и плоских червей.– Материалы международной конференции «Валихановские чтения 13». Кокшетау, 2007. С.69-75

Оқытатын пәндері: Павлодар Ертіс маңының қансорғыш қосқанаттылары; Омыртқасыздардың функционалдық морфологиясы; Қазіргі жалпы паразитологияның өзекті мәселелері.

Ғылыми зерттеу саласы: паразитология, функионалдық морфология, омыртқасыздар зоологиясы, цитология

Докторлық диссертация тақырыбы: Функциональная морфология кожно-мускульного мешка и пищеварительной системы трематод различных таксономических и экологических групп.

Ғылыми-педагогикалық өтілімі: 29 жыл

 

Буркитбаева Улжан Дуйсенбаевна 

Лауазымы: оқу ісі бойынша  деканның орынбасары, Биология және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Ғылыми, академиялық дәрежесі: экология магистрі, PhD докторы

Білімі: жоғары: биолог, экология магистрі (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқыған )

Негізгі ғылыми еңбектері: (20 -дан жарияланған ғылыми еңбектері бар):

- Топырақ омыртқасыз жануарларын зерттеу әдістері : зоолог, энтомолог, эколог, топырақтану мамандығына арналған оқу құралы / Қаман Улықпан, У. Д. Буркитбаева. – Павлодар : Кереку, 2013. – 123 б.

- Табиғи орта жағдайын бақылау. «Мониторинг принциптері және типтері» пәні бойынша «Экология» мамандығының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер үшін зертханалық практикум. – Павлодар, 2007 . – 97 б.

- The millipede order Chordeumatida (Diplopoda) in Kazakhstan, with descriptions of three new species // Zootaxa. - 2013.

- Relationships between the diversity patterns of vascular plants, lichens and invertebrates in the Central Asian forest-steppe ecotone // Biodiversity and Conservation. - 2014.

- New data on the millipedes (Diplopoda) from east Kazakhstan (Altai) // Far Eastern Entomologist. 2013.

- Species diversity and quantitative characteristics of rove beetles (Staphylinidae) in Saur mountain // International Workshop on Forest regeneration and biodiversity at the steppe border of the Altai and Khangai Mountains under contrasting developments of livestock numbers in Kazakhstan and Mongolia. Ulanbaatar, 2012.

- Таксономический состав и соотношение численности макропедобионтов горного хребта Саур // Вестник ПГУ, химико-биологическая серия. Павлодар, 2012. – № 2.

- Некоторые итоги изучения фаунистического состава и структуры жизненных форм жужелиц (Coleoptera, Carabidae) в основных биотопах Казахстанского Алтая // Биологические науки Казахстана. Павлодар, 2012.

-Қазақстан Алтайының стафилиндерінің (Coleoptera, Staphylinidae) сандық және сапалық көрсеткіштері // Биологические науки Казахстана. Павлодар, 2012.

Біліктілігін арттыру және семинарларға қатысу туралы сертификаттар:

- «Кредиттік жүйе бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру»

- «Қоршаған ортаны қорғаудың әдістемелік аспектілері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар»

- «Modern Problens of Biology and Ecology»

- «Thomson Reuters Scientific & Scholarly Research»

- «Anwendung von Methoden der Dendrochronologie und Dendrookologie in der Ökologie und Biologie»

Ғылыми тағылымдамалардан өту туралы сертификаттар:

- «Альберт Августин атындағы Геттинген университетінің «Өсімдіктер экологиясы» институты, Германия, Гёттинген қаласы, 2012 жыл.

- «Рессей Ғылым Академиясы А.Н. Северцов атындағы эволюция және экология мәселесі институты», Мәскеу қаласы, 2014 жыл.

Оқитын пәндері: Экология және тұрақты даму; Биогеохимия және экотоксикология; Адам экологиясы; Қоршаған орта монирторингі; Микроағзалар экологиясы

Ғылыми зерттеу жұмысының аумағы: экология, топырақ зоологиясы

Халықаралық және мемлекет деңгейіндегы әртүрлі ғылыми-зерттеу жобаларына қатысады, олар:

- «Қазақстан және Монғолияның Алтай, Хангай тауларының орманды даласында мал санының өзгешелігіне байланысты биологиялық алуантүрлілікті және орманның қалпына келу көрсеткішін зерттеу» тақырыбы бойынша Германия–Монғолия-Қазақстанның біріккен халықаралық жобасында кіші ғылыми қызметкер (2010-2016 жж.).

- Ғылыми қызметкер ретінде инновациялық нәтижеге бағытталған «университет ғылымының дамуы» бағдарламасы бойынша «Қоршаған ортаға әсерді бағалау жолымен экологиялық сараптама жүргізу және табиғатты қорғау шараларына аудит» атты жобада жұмыс атқарады

Педагогикалық өтілімі: 12 жыл

 

Алькеев Мирас Армиянович 

Лауазымы: жалпы сұрақтар бойынша деканның орынбасары,

Ғылыми, академиялық дәрежесі: PhD докторы

Ғылыми, академиялық атағы: -

Бiлiмі: жоғары, Джезказган педагогикалық институты, мамандығы – география және биология оқытушы (1987-1992жж.). Магистратура- С№ Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы – «Туризм» 6М090200 (2012-2014жж.)

Оқытатын пәндері: Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы, материктің және мұхиттардың физикалық география, туризмология негіздері, халықаралық туризмнің тарихы, халықаралық туризмнің географиясы, діни туризм

Жұмыс өтілі: 23 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: 98-ден аса ғылыми еңбектері

1. Совместная монография Геоэкология Баянаулского государственного национального природного парка

2. Гидроминеральные ресурсы Павлодарской области

3. Районирование Ландшафтов Павлодарской области для развития туризма и отдыха

4. Оценка климата Павлодарской области для развития туризма и отдыха

Ғылыми зерттеу саласы: Экономикалық география, аумақтың аудандастыруы, геополитика, рекреациялық география

 

Толеужанова Алия Толеужановна

Лауазымы: Ғылыми іс-жұмыстары бойынша деканның орынбасары

Ғылыми, академиялық дәрежесі: биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)

Ғылыми, академиялық атағы: ПМУ доценті

Білімі: С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті, мамандығы – 510830 биология, 2001 ж., С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті, мамандығы - 03.00.05 ботаника, 2006 ж.

Оқытатын пәндері: микроорганизмдер экологиясы, қоршаған ортаны қорғау, радиациялық экология негіздері, су экожүйесінің экологиясы

Жұмыс өтілі: 12 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: 70-тен астам ғылыми мақалалары жарияланған

1. Phytoplankton of the Tavolzhan lake // Mongolian Journal of Biological Sciences 2008 Vol. 6 – P.51-52.

2. Альгофлора озера Борлы Кулундинской равнины // Монголия Mongolian Journal of Agricultural Sciences 2010 Vol. 6 (02) – P.124-128.

3. Анaлиз флopы вoдopoслeй вoдoeмoв Кулундинскoй paвнины пo oтнoшeнию к сoлeнoсти вoды // «Биологические науки Казахстана» Павлодарский государственный педагогический институт. Раздел Экология. – Павлодар, 2012. - №4. – С. 169-179

Ғылыми зерттеу саласы: альгология, экология

Кәсіби жетістіктері: «Modern problem of Biology and Ecology», «Применение дистанционных образовательных технологий в учебном процессе», «Anwendung von Methoden der Dendrochronologie und Dendrookologie in der Okologie und Biologie» сертификаттары

Бакалавриаттың оқыту бағдарламасының аккредиттелген тізілімі:

1. 5В090200 Туризм.

2. 5В060700 «Биология»

3. 5В060800 «Экология»

4. 5В060900 «География»

5. 5В072000 «Химическая технология неорганических веществ»

6. 5В072100 «Химическая технология органических веществ»

7. 5В060600 «Химия».

 

Ғылыми-өндірістік зертханалар

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Оқу жұмысы

Оқу-әдістемелік жұмысы

ҒЗЖ және СҒЗЖ

Тәрбие жұмысы

Материалды-техникалық база

Факультетінің жетістіктері

Үздік түлектері

 

Біздің мекен-жайымыз: С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ломов к-сі, 64 үй, 343 каб., тел. 673647 (185)