«Foundation» факультетінің 2013-2014 оқу жылындағы сапа саласындағы жетістіктері

2013-2014 оқу жылында «Foundation» факультеті жоғары және кәсіптік орта білім беру жүйесіндегі кәсіби дайындықты, яғни: келешек нарықта білім беру қызметін зерттеу, жарнамалық қызмет, кәсіптік бағдар беру жұмысы, халыққа білім беру қызметін ұсыну бағыттары бойынша жүргізе отырып, студенттер контингентін қалыптастырды.

Факультет жұмысының негізгі бағыттары:

1) Факультеттердің профессор-оқытушылар құрамымен бірге ағартушылық жұмыс (кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу, қабылдау ережелері және университетте оқытылатын мамандықтар жайлы ақпарат беру):

- Жалпы орта білім беру мектептерінде сынып сағаттарын және ата-аналар жиналысын өткізу – 83.

- Колледж түлектерімен жиналыс өткізу-25.

- Ашық есік күндерін өткізу. Павлодар қаласы және Павлодар облысының білім басқармаларымен бірлесіп қала және облыс мектептерінің түлектеріне арнап 16 «Ашық есік күні» өткізілді. Соның ішінде аудандар бойынша (1 958 оқушы қамтылды) – 11, қала мектептері мен мамандандырылған мектептердің түлектеріне – 5 ашық есік күні өтті. Павлодар, Успен, Аққу аудандарының мектептерінің түлектеріне ашық есік сабағы университетімізде (1 336 оқушыны қамтыды) өткізілді.

«Ашық есік күніне» қатысқан оқушылардың жалпы саны- 3 294. Бұдан басқа, қала және облыс мектептері түлектерінің ата-аналарымен атаулы жұмыс ұйымдастыру мақсатында бірінші рет «Алюминий Казахстана» АҚ жұмыскерлеріне «Ашық есік күні» өткізілді.

2) «Foundation» факультетінде тілдерді тереңдетіп оқыту дайындығы және университеттің қосымша пәндерін оқытып, кейіннен осы кредиттерді кепілді қайта санау қарастырылған. 2014 жылғы ТКТ-ның қорытындысы бойынша түлектердің 68,3 %-ы оқу гранттарын ұтып алған, сондай-ақ олар университеттің 3 пәнін ( «Шетел тілі», «Құқық негіздері», «Экономиканың негізгі теориялары») толық меңгерген және 1 курста осы пәндер бойынша оқудан босатылады.

3) ҰБТ және кешенді тестілеу пәндері бойынша бағытталған дайындық.

«Foundation» факультетінің ақылы дайындық курстарында 244 адам дайындалды (оның ішінде 180 қала мектептерінің оқушылары ҰБТ-ға, 64 колледждердің түлектері ТКТ – ға дайындықтан өтті). Олардың 219-ы (жалпы санның 90 %-ы) мемлекеттік білім беру грантын иеленді.

Факультет мұғалімдерімен ТКТ-ға дайындық кезінде С. Торайғыров атындағы ПМУ-ға түсетін колледждердің 315 түлегіне көмек көрсетілді (тегін тестілеу өткізіп, ТКТ пәндері бойынша тегін кеңестер берді).

4) Оқушыларды базалық сыныптарда кәсіптік оқыту.

2013-2014 оқу жылында «Foundation» факультетінде кәсіптік оқуды 10 сыныптардың 83 оқушысы және 11 сыныптардың 79 оқушысы өтті.

11 сынып оқушылары біліктілік емтиханын жемісті тапсырғаннан кейін оларға келесідей мамандықтар берілген:

- автожөндеуші, сызушы, есепші-экономист, ағылшын тілін меңгерген хатшы -референт, тамақ дайындау технологы. Осы білім алушылардың 26,5%-ы С. Торайғыров атындағы ПМУ оқуға түсті.

5) Студенттер мен қызметкерлер магистратура мен докторантураға түсу үшін шетел тілін меңгеру деңгейлерін арттыру мақсатында факультетте «С. Торайғыров атындағы ПМУ 2012-2016 жж. көптілді оқытуды енгізу бағдарламасы» жүзеге асады - 80 тыңдаушы. Оқуды бітірген соң бағдарламаны жетік меңгерген тыңдаушыларға курстарды өткені жөнінде сертификат беріледі. Бұл сертификатта тыңдаушының деңгейі көрсетіледі.