Факультет тарихы

1960 - жылы Павлодар Индустриалды институт кезінде жұмысшылар қатарындағы талапкерлерді жоғары оқу орнына түсуге дайындайтын дайындық курстары жүзеге асырылды. Кейінірек курстар кәсіптік бағдар жұмыстарымен айналыса бастады.

2003 - жылы дайындық курстары базалық сыныптармен қосылып жұмыс жасай бастағаннан кейін жоғары оқу орнына дейінгі білім беру және кәсіптік бағдар факультеті деп өзгертілді.

2012 - жылдың наурыз айында Болон үдерісінің негізгі басымдығын есепке алуына сәйкес уақыт талабына сай жаңа форматтағы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Foundation» факультеті құрылды.

2014 - жылы факультетте шетелдік қазақ диаспорасы өкілдері мен шетелдік азаматтарға арналған даярлық бөлімі ашылды (ҚР БҒМ 18.09.2014 ж. №383 бұйрығы).

Факультетті педагогика ғылымдарының кандидаты, ПМУ профессоры Ксембаева Сауле Камалиденовна басқарады.

 

«Foundation» факультетінің мақсаты:

• Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы талапкерлердің білім деңгейлерін арттыру саласында сапалы білім беру.

• Болашақта Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілде білім алу үшін шетелдік азаматтар мен шетелдік қазақ диаспорасы өкілдерінің қатарынан талапкерлерді дайындау.

• Кәсіби бейін бойынша біліктілік беру мақсатында базалық сыныптардың білім алушыларын дайындау.

Факультеттің негізгі функциялары:

• даярлық курстарының тыңдаушылары мен бейіндік сыныптардың білім алушыларына мамандық таңдау бойынша кеңес беру;

• даярлық курстарының жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуді ұйымдастыру және дайындық жүргізу;

• бейіндік сыныптар жүйесі арқылы бағдар бойынша жоғары оқу орнына түсу үшін тереңдетілген дайындықты жүзеге асыру;

• шетелдік азаматтар мен шетелдік қазақ диаспорасы өкілдерінің талапкерлерін кешенді тестілеу пәндері бойынша дайындау;

• шетелдік тыңдаушылардың алдағы уақытта қазақ тіліндегі кәсіптік білім бағдарламасын игеруге қажетті білім деңгейіне, икемділік пен дағдыға жетуін қамтамасыз ету.

 

Факультет жұмыстарының негізгі бағыттары:

1. Білім алушыларды жоғары оқу орнына түсуге тереңдетіп дайындау, оның ішінде:

- кешенді тестілеу пәндері бойынша дайындықты ұйымдастыру (қазақ тілі/орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы және таңдау пәні);

- С. Торайғыров атындағы ПМУ оқуға түсу кезінде қайта есепке алу құқығымен жоғары оқу орындарының «Құқық негіздері», «Экономикалық теория негіздері» пәндерін оқу бағдарламасына енгізу;

- тереңдетілген көптілді дайындық жүргізу болашақта академиялық ұтқырлыққа үлкен мүмкіндік береді.

2. Шетелдік қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетелдік азаматтарға арналған даярлық бөлімі.

Бұл бөлімшеде мемлекеттік тапсырыспен келген 50 тыңдаушы білім алады.

Бөлімшенің мақсаты – шетел азаматтарын Қазақстанда өмір сүруге бейімдеу, ҚР жоғары оқу орнына түсуге және қазақ тілі мен орыс тілін меңгеруде тереңдетілген дайындық жүргізу.

3. Қосымша білім беру қызметтері:

- ҰБТ мен кешенді тестілеуге дайындық курстары (кешкі):

«Foundation» факультетінің дайындық курстарында курстың бағдарламасы ғана емес, сонымен қатар мектеп бағдарламасымен ағымдағы үлгерімдерін дамыту арқылы мектептегі білімдерін жетілдіру, білімдегі кемшіліктерді анықтау мен шыңдау.

Кешендік тестілеу мен ҰБТ-ға дайындық жүргізуде топтарды қалыптастыру икемді қолданылады.

- базалық сыныптарда бейіндік білім беру.

Білім алушыларды кәсіптік дайындау оқу жоспары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес мектептен бөлінген еңбек оқыту сағаттары арқылы жүзеге асады. Білім алу кезінде 10 және 11-базалық сыныптардың оқушыларына базалық пәндерден терендетілген дайындық және жұмыс мамандықтарының біріне бейіндік дайындық жүргізу арқылы біліктілік беріледі:

- автослесарь

- инжерлік графика операторы

- сызушы

- бухгалтер-экономист

- ағылшын тілін меңгерген хатшы-референт

- азық-түлік дайындау технологы

Оқу бітіру кезіндегі біліктілік емтихандарын сәтті тапсырғаннан кейін білім алушыларға біліктілікті иелену куәлігі беріледі.

 

А.Ж.Т.: Ксембаева Сауле Камалиденовна

Қызметі: «Foundation» факультетінің деканы

Ғылыми, академиялық дәрежесі: Педагогика ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: ПМУ профессоры

Білімі: жоғары, Новосібір педагогикалық мемлекеттік институты, орыс тілі мен әдебиет мұғалімі (1988), магистратура С. Торайғыров атындағы, «Педагогика» мамандығы 2004 ж., педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне іздену диссертациясын қорғау (шифр 130008) Е. Букетов атындағы КарМУ, 2009 ж. Білім және ғылым сферасының бақылау комитеті, 2011 ж. Қазахстан педагогикалық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі 

Оқытатын пәндері: педагогика, педагогика тарихы, әлеуметтік жұмыс теориясы, әлеуметтік жұмысының әдістері мен технологиялары.

Жұмыстағы өтілі: жоғары мектепте 18 жыл

Жұмыстары: 

- Содержание подготовки будущих педагогов к организации внешкольной работы / Вестник ПГУ серия педагогическая №3 2010; 

- Жоғары білікті мамандарды даярлау үдерісіндегі дуалды оқыту ерекшекшелігі педагог мамандардың заманауи өзекті  мәселелердің бірі/ Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы, №1, 2015; 

- Formation of Teachers’ Competences through Modular Educational Programs // Bothalia Journal, 2014; Vol. 44, No. 9;.Sep. 2014; Р.225-236.  ISSN: 0006-8241

Ғылыми еңбек тізімі: ғылыми мақалалар, оқу-әдістемелік құралдар «Общая и социальная педагогика», «Практикум социального работника», «Әлеуметтік жұмыс негіздері», электронды оқулық «История педагогики», анықтама «Социальные услуги в социальной работе»

Ғылыми зерттеу аясы: білім беру әдісі (педагогика, әлеуметтік жұмыс)

Жүлделері, диплом, сертификаттары: 

2010 ж.- академик Токмухамед Салменұлы Садыкова атындағы сыйымен марапатталды.

2010 ж. – «Педагогикалық өлшеудің әдісі мен теория негізі» атты п.ғ.д., профессоры В.С. Аванесованың (Ресей, Мәскеу қ.) авторлық курсы.

2015 ж. – «Өрлеу» БАҰО-да біліктілігін арттыру курсын өтті

«Fоundation» факультетінің даярлық бөлімінде EDTECH» халықаралық білім орталығының «Талапкерлерді жоғары оқу орны алдында дайындаудың жаңа әдістері» атты технологиясын тиімді ендіру шеңберінде оқыту семинары, 14.12.15, Павлодар қ. (сертификат)

2016 ж. – «Көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін» Министр Е.Сағадиевтің алғыс хаты

 

«Foundation» факультетінің қызметкелері

 

Бовина Оксана Николаевна - «Foundation» факультетінің декан орынбасары

Дмитриенко Надежда Михайловна - «Foundation» факультетінің әдіскері

Дюсенова Алуа Жакановна - «Foundation» факультетінің әдіскері

Балтабаева Диана Касымжомартовна - «Foundation» факультетінің әдіскері

Сапабекова Анар Балтабековна - «Foundation» факультетінің әдіскері

Балтабаева Назира Данияловна - «Foundation» факультетінің әдіскері

Нурбекова Айдана Тлеукановна - «Foundation» факультетінің әдіскері

Какимова Анар Карибаевна - «Foundation» факультетінің әдіскері

 

Foundation факультетінде талапкерлер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуге дайындайтын курстар жұмыс жасайды.

Әр айдың 10 күнінде әртүрлі оқу мерзімі бойынша жаңа топтар құрастырылады. ҰБТ тапсыру үшін қажетті пәндер бойынша 16:30 - 19:15 уақыт аралығында сабақтар өткізіледі. Сабақтың формасы – дәріс-тәжірибелік болса, білімді бақылау, тексеру үшін сынақ тестісін жүргізеді.

 

Факультеттің реквизиттері

Мекен-жайы: Павлодар қ., Ак. Шөкин көшесі 139, каб.Б-202, Б-301, Б-305А

Байланыс телефондары: 673-650, 673-685 (ішкі 1266, 1264, 1104)

 

Материалды-техникалық базасы

«Foundation» факультетінің 2014-2015 оқу жылындағы сапа саласындағы жетістіктері

«Foundation» факультетінің 2013-2014 оқу жылындағы сапа саласындағы жетістіктері

Факультеттің оқу - әдістемелік жұмысы

Факультеттің тәрбиелік жұмысы