Факультет құрылу тарихы

Ректордың бұйрығымен 2009 жылдың шілде айында Агротехнологиялық факультеті құрылды.

Факультетте 3 кафедра жұмыс жасауда. Кадрлық құрылым 44 тұрақты мұғалімдерден құрылған. Оның ішінде 4 ғылым докторы, 21 ғылым кандидаты, 2 доктор PhD, 13 магистр. Ғылым атағы бар ұстаз үлесі 61% құрайды. Орташа жас шамасы – 45 жас.

Агротехнологиялық факультет Агрөнеркәсіптік кешен үшін ауыл шаруашылық профиліндегі 3 мамандық профилінен бакалаврларды дайындайды (Агрономия, Мал шаруашылығын өнімдерін өндіру технологиясы және Орман ресурстары және орманшылық) және 2 техникалық бағыттағы мамандық (Биотехнология, Тамақ өнімдерінің технологиясы) және мамандық бойынша магистратуралар 6М072700 Биотехнология, 6М072700 Тамақ өнімдерінің технологиясы, 6М080100 Агрономия, 6М080200 Мал шаруашылығын өнімдерін өндіру технологиясы.

Пәнді тереңірек оқу үшін және жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін білім беру бағдарламалары қарастырылған:

Мамандықтар Білім беру бағдарламасы
1 5B080100 - «Агрономия» Дала шаруашылығы
Көкөніс-жеміс шаруашылығы
2 5В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» Мал азықтандыру және күтіп-бағу технологиясы
Мал шаруашылығындағы селекция
3 5B080700 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» Орман шаруашылық ісі
Саябақ шаруашылығы және ландшафттық дизайн
4 5В070100 - «Биотехнология» Тағам биотехнологиясы
Ауыл шаруашылық биотехнологиясы
5 55В072700 «Азық – түлік өнімдерінің технологиясы» Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы
Ет және ет өнімдерінің технологиясы
Қоғамдық тамақтанудың технологиясы

Факультет ашылған жылы контигент саны 240 студентті құраса, 2015 жылы 572 студентті құрады.

Олардың ішінде күндізгі оқу түрі бөлімде оқитындар – 550, оның ішінде қазақ тілінде оқитындар - 284, орыс тілінде оқитындар – 266.

Cырттай оқу түрінде оқитын студенттер – 22, оның ішінде қазақ тілінде оқитындар - 2, орыс тілінде оқитындар – 20.

Грант иегерлері – 436, келісім-шарт негізінде – 136.

Факультет бойынша магистранттар контингенті 17 адам құрайды, оның ішінде грант иегерлері – 11.

Факультет құрылымына 3 шығарушы кафедра кіреді:

 

Кафедра басшылығы

Факультет деканы - Бексеитов Тоқтар Кәрібайұлы, ауылшаруашылық ғылымдар докторы, профессор, ҚР АШҒА академигі.

2004 жылы докторлық диссертацияны қорғады. 1993 жылы генетика және биотехнология кафедра меңгерушісі, 2009 жылы Агротехнологиялық факультетінің негізін қалаушысы және деканы. Т. К. Бексеитов 200-ден жоғары оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарды басып шығарды. 2008-2010 жылдары Т. К. Бексеитовтың жетекшілігімен 4 ізденуші кандидаттық диссертация қорғады.

2013 жылы ҚР АШҒА нағыз мүшесі болып сайланды (ҚР АШҒА академигі).

Негізгі ғылыми зерттеулерінің бағыты – жануарлардың генетикасы және селекциясы.

Бексеитов Т. К. ерең еңбегі үшін құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды:

1999 ж. – Білім Министрлігінің құрмет грамотасымен

2005 ж. – "Ғылым дамуына қосқан үлесі үшін" ҚР БҒМ белгісімен

2010 ж. – "Білім берудің құрметті қызметкері" ҚР БҒМ белгісімен

2010 ж. – "ЖОО-ң үздік оқытушысы" ҚР БҒМ гранты

2011 ж. – С. Торайғыров атындағы алтын медаль

2012 ж. – Облыс әкімі құрмет грамотасы

2013 ж. – "Облыс алдындағы сіңірген еңбегі үшін" медалі

2013 ж. – нақтылы ҚР АШҒА академигі болып сайланды.

 

Сейтханова Күмісжан Қабдылуахитқызы – Агротехнология факультеті деканының оқу ісі бойынша орынбасары, Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының аға оқытушысы.

2003 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Биология химия» мамандығын үздік бітірді. 2003 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетініде өзінің еңбек жолын бастады. Зерттеудің цитогенетикалық әдістерімен жұмыс жасай алады. (Алматы қаласында тәжірибеден өтті, Ана және бала өмірін қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы, 2007ж. Қарағанды қаласында тәжірибеден өтті Денсаулық және еңбекті қорғау Ғылыми-зерттеу институты), С. Торайғыров атындағы ПМУ-да оқытудың арақашықтық технологиясы бойынша біліктілігін арттыру курстарын оқыды, «Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың молекулалық-генетикалық әдістері» курс дәрістерінен өтті. (Мәскеу қ. Медицина ғылымдарының Ресей Академиясы, А. Н. Северцев атындағы экология және эволюция мәселесі жөніндегі институт).

 

 

Уахитов Жастлек Жумабаевич – Агротехнология факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары, Қауымдастырылған профессоры (доцент), Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты.

Білімі: Жоғары. Семей зоотехникалық малдәргерлік институты , (1994), зооинженер мамандығы бойынша, Семей қ. 

А/ш.ғ.к. С. Сейфуллин атындағы КАЗАТУ (2008) 06.02.04 - Жеке зоотехния, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы дойынша

Оқытатын пәндері: Құс шаруашылығы, құс өңiмдерiн өндiру технологиясы, Кіші мал фермаларындағы өндірістің технологиясы

Жұмыс өтілі: 21 жыл

Ғылыми еңбектер тізімі: 75 –тен артық ғылыми және оқу әдістемелік құралдары бар

1. Ломман- Браун тұқымының қоңыр кросстарының «қолдан қанат түсіру» күйзеліс ықпалдарына реакциясы. II Сейфулин оқулары Астана 2006

2. «Ломман- Браун тұқымының қоңыр кросстарының «қолдан қанат түсіру» күйзеліс ықпалдарын Павлодар құс фабрикасына қолданғандағы бірінші нәтиже». Алтай аймағындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Барнаул 2006

3. Құс шаруашылығының маңызы және оны қалпына келтіру шаралары. Жаршы ПМУ №1 2006

Ғылыми зерттеу саласы: Құс шаруашылығы және ұс шаруашылығының өнімдерін өндіру технологиясы

Кәсіби жетістіктері: Ғылыми және оқу әдістемелік құралдарының ішінде: 1 монография, 7 оқулық, РОӘК ұсынылған 1 оқулық бар.
1. Диплом РВ № 137033 (Семей зоотехикалық – малдәргерлік институт), зооинженер
2. Ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты ҚР ЖАК 2008 жыл, мамандық 03.00.05-«Жеке зоотехния, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы».
3. С.Торайғыров атындағы ПМУ доцент дипломы РГКП
4. «ЖОО үздік оқытушысы» дипломы С.Торайғыров атындағы ПМУ РГКП 2010 жыл
5. Алғыс хат Республикалық олимпиадаларға және конкурстарда жоғары жетістіктерге жеткен студентерді жоғары кәсібилекпен дайындағаны үшін алғыс білдіреді 2012 Павлодар
6. «Университет студенттерімен ғылыми және тәрбиелік жұмыстардағы адал еңбегі үшін» ректора дипломы С.Торайғыров атындағы ПМУ РГКП 2013 жыл
7. «Университет студенттерімен ғылыми және тәрбиелік жұмыстардағы адал еңбегі үшін» ҚР БҒМ білім беру саласындағы жұмысшылардың кәсіподақ дипломымен, Павлодар облысы білім беру саласындағы жұмысшылардың кәсіподақ дипломымен 2013 жыл
8. Алғыс хат «Агроөндірістік кешенде ғылым мен өндірістің интеграциясы» атты Халықаралық ғылыми практикалық конференциясына белсенді қатысқаны үшін 2014«Агроөндірістік кешенде ғылым мен өндірістің интеграциясы» атты
Алғыс хат Халықаралық ғылыми практикалық конференциясына белсенді қатысқаны үшін 2014 Павлодар 

 

Сейтеуов Талгат Козыбакович – Агротехнология факультетінің ғылым жұмысы бойынша декан орынбасары, доктор PhD, Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының аға оқытушысы.

2004 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-де «Фермер-менеджер» мамандығын табысты бітірді.

2006 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-дегі Биотехнология ғылыми-практикалық орталығына кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа қабылданды. Монголия мемлекеттік ауылшаруашылық университетінің бұйрығы және С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің арасындағы творчествалық ынтымақтастық келісім-шарт бойынша (PhD) доктарантурасына «Солтүстік-шығыс Қазақстан өңірінде өсірілетін кейбір тұқымды сиырлардан ұрық алу, оларды бағалау және көшіріп отырғызуды зерттеген нәтижелер» атты тақырыппен қабылданып, 31.03.2011 жылы Монголияның ауылшаруашылық (PhD) философия докторы атағы берілді (ғылыми жетекшісі б.ғ.д., профессор Аятхан Мағаш).

2012 жылы Германия мемлекетінде біліктілігін арттырып «Embrio – Transfer – Kurs» халықаралық сертификатын алды.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 6D080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.

Ғылыми-зерттеу еңбектерінің нәтижелері бойынша 22 мақала бастырылып, 1 монография және нөлдік емес Scopus халықаралық ақпараттық компанияларының базасында ағылшын тілінде бір мақала жарық көрді.

 

 Факультеттің орналасқан мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64 үй, А1 ғимарат, 213 кабинет.

Телефон: 8(7182) 67-36-41, ішкі байланыс нөмірі 1191.

 

 

2009-2010 оқу жылына арналған агротехнологиялық факультеттің жұмыс жоспары

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Оқу және зертханалық базасы

Үздік түлектер

Факультет жетістіктері

Факультетінің оқу-әдістемелік жұмысы

Оқу жұмысы

Тәрбие жұмысы

Факультеттiң соңғы жаңалықтары