КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

 

1995 жылы «Қаржы және есеп» кафедрасы ұйымдастырылды. Құрылғаннан кейін төрт жыл бойы кафедраны ҚР аудиторлар палатасының мүшесі, э.ғ.к., профессор И.Т. Шукумов басқарды.

Қазіргі уақытта кафедрада 22 оқытушы, соның ішінде, 1 доктор PhD, 7 экономика ғылымдарының кандидаты, 12 магистрі және 1 тәжірибе-оқытушы жұмыс істейді.

Кафедра С.Торайғыров атындағы ПМУ «Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық» факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

 

КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ

 

Сартова Рысты Бозманайқызы

Экономика ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы ПМУ қауымдастырылған профессоры. «Қазақ АӨК экономикасы мен ауылдық аймақтарды дамытуды ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жанындағы ОД.55.02.01. диссертациялық кеңесте диссертациясын қорғады. ХАА академигі. 2013 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы ПМУ жұмыс істейді, жалпы ғылыми-педагогикалық өтілі 20 жылды құрайды.

Сартова Р.Б. білім беруді магистранттарына дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтарды келесі пәндер бойынша: Стратегический банковский менеджмент, Государственное регулирование деятельности коммерческих банков өткізеді.

Оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) пәндерін және кафедра мамандықтарының оқу-әдістемелік кешендерін құрастыруда белсенді қатысады.

Ғылыми қызмет аясында 40 астам ғылыми жұмыстың авторы болып табылады және 5 оқу құралы, 5 монографиясы бар. Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді қатысады.

2012 жылы сәуір айында Бірінші Президент Қорымен өткізілген «Гранты на поездку» атты байқауында Сартова Р.Б. жеңімпазы болып атанды. Жыл сайын біліктілігін арттырады, сертифкаттары бар.

Жоғары оқу орындарын аттестациялау бойынша ҚР БҒМ-нің ББСҚТҚА комиссиясының жұмысына қатысады.

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

  Профессор-оқытушылар құрамы

Тәрбиелік жұмыс

Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар

 Ғылыми-зерттеу жұмыстары

 Материалдық-техникалық база

 Біздің жетістіктеріміз

Үздік түлектер

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары