Халықаралық академиялық алмасу щеңберінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің А.Х. Марғұлан атындағы археологиялық зерттеу орталығымен Новосибирск мемлекеттік университетінің түлектері - Е.А. Гирченко мен М.А. Кудинова Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы көп қатпарлы елді мекен Шідерті 2-де өтетін жұмыстарға археологиялық отрядтың мүшесі ретінде қатысуға шақырылды. Экспедицияның зерттеу жұмыстары тас дәуірінен бастап орта ғасырларға дейінгі кезеңді қамтитын көптеген археологиялық ескерткіштері бар бірегей археологиялық ауданында жүргізіледі.

Негізгі зерттеу орны - көп қатпарлы елді мекен Шідерті 2, өткен жылы осы мекенде қазба жұмыстары барысында төртбұрышты құрылыстың, үй котлованының қалдықтары, екі жерлеу орны, ошақтар, көптеген керамикалық және фауналық кешендері табылды. Биыл экспедицияға қатысушылар ерте қола дәуірінің керамикасы бар ошақтық ойыстар мен құрылыстар табылған қазбаның солтүстік-шығыс бөлігін зерттейді. Алынатын мәліметтердің маңыздылығы өте жоғары, өйткені зерттеу нәтижелері Ертіс өңірінде металлургиялық өндірістің пайда болу мен дамуына түсіністік енгізеді.