С.Торайғыров атындағы ПМУ-і қызметкерлерінің жетекші шетел ғалымдарымен, ғылыми орталықтарымен және ұйымдармен қарым-қатынастары өсіп келеді. Шығармашылық ынтымақтастық жөнінегі келісім шарттар бойынша шетел серіктестерімен ғылыми зерттеулерді бірге өткізудің саны өсуде. Қазіргі кезде Ресей, Украина, Корея, Қытай, Польша, Греция, Монғолия, АҚШ, Франция университеттерінің, оқу орындарының және ғылыми орталықтардың арасындағы 60 ынтымақтастық келісім шарттар іс жүзінде. Халықаралық ғылыми қоғамға университет ғалымдарының нәтижелері белгілі. Ағылшын, қазақ, орыс және т.б. тілдергер аударылған оқулықтар және монографиялар ПМУдың зерттеу сауалманасы нәтижесінен шетел мамандарымен жоғары бағаланды.

Халықаралық ынтымақтастықтың шеңберінде 2008 жылдың 7-шілдесінде С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың студенттер және қызметкерлер тобы тілдік тәжірибені өту үшін Болгариядағы ең ірі оқу орны Әулие Климент Охридский атындағы София университетіне аттанды. Олардың ағылшын тіліндегі деңгейі анықталып, Еуропалық үлгідегі сертификат берілді. ПМУ-дің стратегиялық маңызды серіктестер тізіміне кіретін Әулие Климент Охридский атындағы София университеті 30-ға жуық жоғары оқу орындарын біріктіретін Болгарияның жетекші университеті болып саналады. Бұл жерде Қайта құру кезеңінде жоғару оқу орнын ашу идеясы туды. Бұл университеттің беделділігі өсіп жатыр және бүгнгі күнге дейін бекітілуде. София университеті Балкандағы еуропалық бейнедегі ең күшті ғылыми орталықтардың біріне айналды.

ПМУ студенттері мен қызметкерлері 2008 жылдың қараша айында Питтсбург Университетінің (АҚШ) «Білім саласындағы менеджмент» атты сертификаттарына ие болды. Сонымен қатар ПМУ қызметкерлерінде және профессорлық-оқытушылық құрамының өз мақалаларын Испания, Америка, Чехия, Польша, Словакия, Хорватия және т.б елдердің «Акта ботаника», «Журнал информационных и организационных наук», «Периодическое издание факультета экономики университета Риека», «Химия и индустрия», «M+E management & economics», «Этнология и фольклор», «The Asian EFL journal», «Журнал лингвистика» сияқты ғылыми баспаларында басып шығару мүмкіндіктері бар.

Қазақстан Республикасының білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңестігіне ену уақытында профессорлық-оқытушылық құрамды ағылшын тілінде мамандығын студенттерге оқыту деңгейіне жеткізу мақсатында ПМУде тілдік бағдарлама өткізіліп жатыр. Тілдік бағдарламаны іс-жүзіне асыру үшін, С.Торайғыров атындағы ПМУ-де студенттер мен магистранттарға арналған «Шетел тілі», «Қазақ тілі» тәжірибелік сабақтары өткізіліп жатыр. Жоба әдістемесі бойынша, бұл жобаларды ағылшын тілінде қорғауға мүмкіндік береді.

Үш тілдін бірлігі бағдарламасын жүзеге асыру үшін, жыл сайын демалыс тілдік лагерлері өткізіледі: - мамандығы бойынша түп нұсқа әдебиеттің аудармасын жасауда, қазақ және шетел тілдерінде ғылыми мақалалардың жазылуында, дәріс оқуында профессорлық-оқытушылық құрамның тәжиребелік тілдік құзырлығын қалыптастыру; - әлеуметтік жағынан қорғалмаған студенттердің (жетімдер, мүгедектер, көп балалы отбасынан шыққан және т.б.) тілдік дайындығын іске асыру.

Студенттермен және ғылыми қызметкерлермен күнсайын «Болашақ», IAESTE, DAAD, IREX, Берлин стипендиясы және т.б. халықаралық бағдарламалар бойынша консультациялар жүргізіледі.

Біліктілікті арттыру, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларында, форумдарда және семинарларда қатысу мақсатымен С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы халықаралық ынтымақтастық департаменті арқылы шет елдеріге барды. Ынтымақтастық жөніндегі келісім шарт шеңберінде Ресей Федерацияның университеттеріне магистерлік диссертация бойынша мәліметтерді жинақтау үшін 30-ға жуық магистрант барды. «Болашақ», IAESTE, DAAD, IREX, Берлин стипендиясы және т.б. бағдарламалар бойынша 40-қа жуық студент шетел елдерінде оқиды, сонымен қатар біздің студенттер мен қызметкерлер халықаралық конференцияда белсенді қатысады. Осы жылы Каирбаева А.К. – шетел филологиясының кафедра меңгерушісі Вашингтон қаласында (АҚШ) тағылымдама өтті, Нурсеитова Х.Х. – шетел филологиясының кафедрасында аға оқытушы Будапешт қаласындағы (Венгрия) Орталық-Еуропалық университетінде әдістемелік семинарына қатысты, Ержанов Н.Т. - инновациялық және жаңа технологиялар жөніндегі проректоры Сиена қаласындағы (Италия) 5-ші Еуропалық маммалогия Конгресіне қатысты, Худиева С.Р аударма теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Грайсвалд қаласындағы (Германия) университетте «Еуропалық одақ және Орталық Азия – қоғамның өзгеруінің психологиялық әсері» дәрісімен халықаралық форумға қатысты. Ынтымақтастық келісім шарты шеңберінде IAESTE халықаралық ассоциациясының шеңберінде студенттердің тағылымдама алмасуы бойынша, осы жылы біздің Университеттің студенті Тлеубаева Самалжан Краков қаласындағы (Польша) Ғылым және Технология Университетінде тағылымдаманы өтті.

Жыл сайын «Өркен-Павлодар» фонды АҚШ волонтерінің қатысуымен біздің университеттің студенттеріне ағылшын тілінен курс өткізеді, соңында сертификаттар ұсыну шарасын ұйымдастырады.

Шетелде оқу

Құрметті студенттер!

Біздің сайтымызға хош келдіңіздер!

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті сiзге бакалавриат, магистратура, докторантура бағдараламалары  бойынша білім алуға мүмкiндiк береді. Қазіргі кезде университетте жақын және алыс шет елдерден келген 80-ге жуық студент оқиды.

Миграциялық есепке қою

С.Торайғыров атындағы ПМУ оқып жүрген шетел азаматтары тіркелу үшін мiндеттi түрде келген бiрiншi (жұмыс) күні Халықаралық ынтымақтастық департаментіне өздері келуі тиіс.  Тiркеудi ресiмдеу үшiн келесi құжаттар қажет:

1.    төлқұжат;

2.    миграциялық карта;

3.    1 фото (3х4).

Ескерту: Шетелден келген студент Қазақстан территориясына кірген сайын Халықаралық ынтымақтастық департаментідне тіркелуі қажет. 


Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Бас оқу ғимараты, Ломова к-сі, 64, А-438, тел.: 8 (7182) 67-36-25

Шетел студентіне қажетті мәлімет:   

1. Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің Тәртібі.

2. Келесі оқу орындарында алған білім туралы құжаттарды растау және нострификациялау рәсімдерін жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

- мектептер, лицейлер, гимназиялар;

- кәсіби мектептер, колледждер, институттар, университеттер.

3. Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың телефондары мен мекен-жайлардың тізімі.


Бағдарламаларға қатысушылардың әсерлері:

Тілеубаева Самалжан

Менің есімім Самалжан

Қазір мен С.Торайғыров атындағы ПМУ-ң экология мамандығының төртінші курс студентімін. Өткен жазда мен IAESTE бағдарламасы арқылы Польшаның Краков қаласында өз мамандығым бойынша өнеркәсіптік тәжірибеден өттім.

 

Осы бағдарламаның арқасында, біріншіден өз білім деңгейін көтердім, және, бәріміз үшін ең бастысы болар, басқа елді, басқа мәдениетті, басқа өмір салтын көрдім! Осы бағдарламаның арқасында қазір мен «Әлемнің көптеген елдерінде достарым бар!» деп мақтана аламын. Біздің басқа елдерден аларымыз көп, неліктен оны алмасқа? Меніңше, әрбір студент өз өмірінде осындай тәжірибені атқару керек! 

Макатов Алдияр

Мақсаты: ағылшын тіл білімін жоғарлату, АҚШ тұрғындарының мәдениеті мен тұрмысымен танысу, өмір тәжірибесі, білімін кеңейту.

Алған әсері: Мен бір нәрсені ғана білемін – Америкада жалғыз өзін болғандағы сезімнен жақсы нәрсе жоқ, және бұл әлем –СЕНІКІ деген сезім сені қалдырмайды. Міне, сондықтан сәтті тапсырылған сессия, посольствадағы жиналыс туралы қобалжу және сенің кетуіне байланысты кеш өткізу бәрі артты қалды, мен Алматы-Амстердам-Нью-Йоркка жаңа жарықтың жұмбақ жағасына кеттім. Сыпайы неміс стюрдесса өзінің сұрағын қояды: water or soda?Содан кейін ол саған шампан бөтелкесін береді (егер ұзақ қарсы болсаң, сыра берер), сен құлақшынды тағып, movie көресің, ақырын ғана ағылшын тілін үйрене бастайсың, және күліп қана жақсы көріністер болатынын түсінесің!!!

Адылханова Найля

Тест сынағынан өте отырып, “Шетелде білім алу” тілдік бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алдым. Тілдік курстар шілдеде София ( Болгария) қаласында Әулие Климент Охрид атындағы София мемлекеттік университетінде өтті.


Сапардың мақсаты — шет тілін үйрену, қорытындысында Европалық сападағы сертификат алу. Әрине, бұл сапар — студенттерге тілдік білімін шыңдауға, Болгария елінің әсемдігін көріп, жақсы демалуға мүмкіндік береді. Оқып жүріп, сонымен бірге,Қара теңіздегі Варна қалашығындағы демалыс орнында тынығуға мүмкіндік алдым. Бұл сапар керемет әсер қалдырды, тек қана тілдік тәжірибе ғана емес, сонымен қатар жаңа достар табуға көмектесті.


Конкурстар және гранттар (толық – жартылай, атаулы – топтық, зерттеу – білім)

Грант деген не?

Грант бұл қоғам құндылығына ие қандайда бір жобаны жүзеге асыру үшін халықаралық ұйыммен ұсынылған ақша жиынтығы. Грант грант берушінің шарты бойынша қарастырылады және қайтарымсыз беріледі. Сіз өтінішті толтыруыңыз қажет. Өтініш бұл жазбаша түрде грантты бөлу туралы өтініш. Өтініш беретін адам бұл жеке тұлға.

Ал енді, конкурсқа қатысу рәсімі және грантты жеңіп алу туралы.

1. Грант грант беретін ұйымның хабарлауымен конкурстың негізінде бөлінеді

2. Конкурсқа қатысу үшін, грантқа арналған өтінішті толтыру керек (үміткер осы өтініштер арқылы грант беретін ұйымға грантқа лайық екенін дәлелдеу керек). Өтініштер белгіленген уақытқа дейін қабылданады.

3. Барлық жобаларды сараптама кеңесінің құрамы қарастырады және бағдарламаның басшылығымен бекітіледі.

4. Грант беруші ұйымның және үміткердің арасында жасалатын келісім шарт негізінде конкурстың жеңімпазына қаржы көздері беріледі (келісім шартта екі жақтын міндеттері жазылады, жасалатын жұмыстың мерзімі, есеп беру, ақша аударылуына арналған тізім көрсетіледі).

5. Конкурстан кейін оның шешімі бағдарламаның қызметкерлеріне айтылады (жобаның жүзеге асыру мерзімі).

Грант иеленуші грантты бекітушіге гранттың қолданылуы жайлы есеп беру керек.

Гранттың түрлері

Зерттеу – білім гранты

«Болашақ», IREX, DAAD, Берлин стипендиясы, Үндістан үкіметінің стипендиясы, Малайзия үкіметінің стипендиясы.


Ғылыми тағылымдама деген не?

Жалпы мәлімет, мақсаттар (зерттеу, білім, мәдени)

Ғылыми тағылымдама - бұл білім алу

Ғылыми тағылымдаманың негізгі мақсаты – теориялық дайындықтың нәтижесінде алынған кәсіби білімді тәжірибеде қалыптастыру және бекіту. Ғылыми және кәсіби тағылымдаманы немесе біліктілікті арттыруды жақсы өткен тұлға, білім беру жөнінідегі сертификатты иеленеді.

«Болашақ», IAESTE, DAAD, CCUSA, Work and Travel

1. Тағылымдама ұсынылатын ұйымның хабарлауымен конкурстың негізінде бөлінеді.

2. Конкурсқа қатысу үшін, тағылымдамаға арналған өтінішті толтыру керек (үміткер осы өтініштер арқылы грант беретін ұйымға грантқа лайық екенін дәлелдеу керек). Өтініштер белгіленген уақытқа дейін қабылданады.

3. Барлық жобаларды сараптама кеңесінің құрамы қарастырады және бағдарламаның басшылығымен бекітіледі.


Университеттер — шетел серіктестері

Білім беру қызметін жетілдіру мақсатымен университет Қазақстан Республикасының оқу мекемелерімен қатар шетелдік серіктестермен де қарым – қатынасты орнатады. Университет басқармасы үнемі халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жұмыстарын жүргізеді. Халықаралық ынтымақтастық департаменті екіжақты пайдалы келісім шарттарды жүргізуде белсенділік танытады.

Қазіргі кезде қиыр және таяу шетелдік 60 білім және ғылыми ұйымдармен келісілген шарттар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.



Шетел серіктестер — ұйымдар

Шетел серіктестер ұйымдар С.Торайғыров атындағы ПМУ–іне жан-жақты қаржылық көмек көрсетуде. Келешекте студенттер білім алумен қатар ғылыми зерттеулермен шұғылданады. Әсіресе, дарынды студенттер шетелдік әріптестерінің тәжірибесін қолдана отырып, еліміздің дамуына баға жетпес үлес қоса алады.