ФАКУЛЬТЕТТІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

 

Қаржы экономикалық факультеті бизнес және менеджмент факультеті ретінде 1993 жылы негізделді, факультетті құру қажеттілігі Қазақстан Республикасы экономикасының дамудың нарықтық жолына өтуімен негізделді.1993 жылдан1997 жылға дейінгі кезенде бірінші экономикалық мамандықтар ашылды - «Құрылыстағы өндірісті ұйымдастыру», «Машина жасаудағы өндірісті ұйымдастыру», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Өнеркәсіптегі өндірісті ұйымдастыру». 2001 және 2004 жылдар аралығында қаржы-экономикалық факультет «экономика және құқық» институты ретінде қызмет атқарды.

2014-2015 оқу жылында «Құқықтану» кафедрасын қаржы және экономика факультетіне қосуына байланысты, қаржы және экономика факультетінің атауы «Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық» деп ауыстырылды. 2015-2016 оқу жылында «Саясаттану» мамандығы факультетіне қосылды.

Қазіргі таңда факультет кәсіби мамандықтар саны және оқып жатқан студенттер саны бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің ірі факультеттерінің бірі болып табылады.

Факультетті техникалық ғалымдар кандидаты, экономика доценті, профессор Эрназаров Тахир Яздурдиевич басқарады.

Факультет құрылымы 4 кафедрадан құралады.

- "Экономика" кафедрасы;

- "Қаржы және есеп" кафедрасы.

- "Басқару және саясаттану" кафедрасы;

- "Құқық" кафедрасы;

Факультеттегі студенттерді дайындау 7 мамандық бойынша жүргізіледі:

– 5В050600 Экономика;

– 5В050700 Менеджмент;

– 5В050800 Есеп және аудит;

- 5B050900 Қаржы;

– 5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару.

- 5В051100 Маркетинг

- 5В030100 Құқықтану

- 5В050200 Саясаттану

2005 жылы қаржы-экономикалық факультет университет құрамында ИСО 9000-2001 Халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті, бұл факультеттегі көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын дәлелдейді.

2012 жылы факультет білім беру бағдарламаларының Халықаралық аккредитациясын сәтті өтті: факультеттің білім беру бағдарламаларыың қызметі Германияның ACQUIN халықаралық аккредитациялық агенттігінің жоғары бағасын алды.

Факультет қызметінде сапа менеджменті жүйесінің келесі негізгі үрдістері анықталған:

– Оқу-әдістемелік үрдіс;

– Ғылыми-зерттеу үрдісі;

– Тәрбиелік үрдіс.

Бизнес және құқық факультеттегі мамандарды дайындау мен біліктілігін бағалауды жоғары білікті профессор оқытушылық құрамы жүзеге асырады:

– Саяси ғылымдарының докторы, профессор Өрсариев А.А.;

– Техникалық ғылымдарының кандидаты, профессор, экономика доценті Эрназаров Т.Я;

– Экономика ғылымдарының кандидаттары Донцов С.С, Сартова Р.Б., Кунязова С.К., Кафтункина Н.С., Омаров М.М., Титков А.А., Бейсембаева Г.М., Салихова А.Р., Рахимова С.А, Мусина А.Ж.

- Қ.ғ.д., профессор Ахмеджанова Г.Б., қ.ғ.д., профессор Бектасов О.К., қ.ғ.к. доцент Олжабаев Б.Х., т.ғ.к., доцент Косынтаев К.Б., с.ғ.к., доцент Воронова Т.Э., т.ғ.к., доцент Мусабекова Н.М., т.ғ.к., профессор Григорьева Р.В.

Қаржы, есеп және аудит кафедраларының оқытушыларының көбі PRAGMA Халықаралық білім беру корпорациясының сертификатталған жаттықтырушылары болып табылады.

Факультеттің негізгі жетістіктері:

– Өңірлік білім беру нарығындағы экономикалық кәсіби студенттерді дайындау сапасы бойынша көшбасшылық;

– Объектіге құқықтарды мемлекеттік тіркеу, зияткерлік меншік құқығы бойынша Комитеттің авторлық құқығы және Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі куәліктерін алуы;

– Студенттердің әлеумметтік қорғалуының жоғары деңгейі (білім беру гранттарының, жеңілдіктерінің, жетімдер мен төмен қамтамасыз етілгендерге материалдық көмектің берілуі).

– Кредиттік (сызықтық емес) оқу технологиясына негізделген оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етудің жоғары деңгейі.

– Облыстағы жетекші кәсіпорындармен бірлесіп шаруашылық келісімдік ғылыми-зерттеу жобаларын экономикалық мааамандықтар студенттерін тарту арқылы жыл сайынғы орындалуы;

– «ПМУ Жаршысы»: Экономика сериясы» ғылыми-зерттеу журналының басылуы;

– Факультет студенттерінің республикалық, өңірлік және облыстық пәндік олимпиадаларға, халықаралық конференцияларға қатысуы мен орындар алуы.

Факультеттің студенттік командасы жыл сайынғы экономика бойынша өңірлік олимпиадалардың көпмәрте жеңімпазы болып табылады.

Факультеттің студенттері Қазақстан Республикасындағы, таяу және алыс шетелдегі жүргізілетін спорттық шаралардың жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері болып табылады. Атап айтқанда, Р. Худиев пен А. Скляр 2004 жылда Афиныдағы және 2008 жылда Пекиндегі жүзу бойынша олимпиадаларға қатысты. Студент Р. Джумабаев Азияның шахмат бойынша клубтық чемпионы болып табылады және ол FIDE гроссмейстерінің нормативін орындады. Студент С. Актаев – ҚР-ның тоғыз құмалақ бойынша көпмәрте чемпионы, 2008 жылы Ресейдегі, Қырғызстандағы және Чехиядағы Халықаралық турнирінің жеңімпазы аталды. Факультетінің студенттерінің бокста, күресте, баскетболда және регбиде салмақты спорттық жетістіктері бар.

 

ФАКУЛЬТЕТ БАСШЫЛЫҒЫ

Эрназаров Тахир Яздурдиевич.

Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің деканы

1961 жылы Павлодар облысы, Ерммак қаласында дүниеге келген.

Білімі - жоғары, 1983 жылы Павлодар Индустриалдық Институтын «Автомобильдер және тракторлар» мамандығы бойынша үздік бітірді.

1987 жылдан бастап Мәскеу автомеханикалық институтының аспиранты болды. 1988-1990 жылдар аралығында Харьков тракторлық зауытыммен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстар кешені бойынша жауапты атқарушы.

1989 жылы «Каттерпиллар» фирмасы мен НАТИ Одесск филиалындағы Алтай зауытының бірлескен кеңес-американдық сынақтарының ұйымдастырушысы және қатысушысы.

1990 жылы техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуге диссертациясын қорғап шықты.

1994 жылы Қазақстан-Герман экономика және құқық академиясындағы оқуды бітірді.

1997 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығын үздік бітірді.

1991 жылдан бері Павлодар индустриалдық институтының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, 2001 жылдан бері С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің экономика және құқық институтының директоры.

2005 жылдан бері Қаржы-экономикалық факультетінің деканы, кәсіпорындағы басқару және экономика кафеждрасының профессоры. Коммерциялық және банктік салада жұмыс тәжірибесі бар.

100 ден астам ғылыми жұмыстарының авторы, олардың негізгілері инновациялық жүйелердің қалыптасуы мен қызмет етуі мәселелріне арналған. 2010 жылғы Павлодар облысы әкімінің индустриалды саясатының, сондай-ақ 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған Павлодар облысының индустриалды-инновациялық даму стартегиясының құрастырушыларының бірі. ҚР ӘМ Зияткерлік меншік туралы 3 куәлігі бар.

Марапаттаулары:

– ҚР Білім және ғылым министрінің алғыс хаты, 2003 ж.

– ҚР Білім берудің құрметті қызметкері, 2005 ж.

– ҚР Президентінің алғыс хаты, 2005 ж.

– Үздік монография үшін Қазақстанның экономистер ассоцияциясы сыйлығының лауреаты, 2005 ж.

– Үздік ғылыми мақала үшін Қазақстанның экономистер ассоциациясы сыйлығының лауреаты, 2007 ж.

Оқу құралдары:

– Инновациялық менеджмент, С. Торайғыров атындағы ПМУ Баспасы. Павлодар, 2002.

Монографиялар:

– Ұйым менеджменті: инновациялық факторлар және тенденциялар». «ЭКО» баспасы. Павлодар, 2004 ж.

Сөздіктер:

– Орыс-қазақ түсіндірмелік сөздігі «Экономика және қаржы». С. Торайғыров атындағы баспасы. Павлодар, 2006 ж.

– Инновациялар және жаңа технологиялар бойынша түсіндірмелік экономикалық сөздігі. «Кереку» баспасы. Павлодар, 2006 ж.

– «Экономика және қаржы» орыс-қазақ түсіндірмелік сөздігі. 3000 термин. «ЭКО » баспасы. Павлодар, 2007 ж.

Мақалалары:

– Өңірдегі инновациялық қызметті кадрлық қамтамасыз ету. «Инновациялық экономиканың қазіргі мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мәліметтері. Казань, 2007.

– Қазақстаннның инновациялық жүйесін қалыптастыру. «Инновациялық экономиканың қазіргі мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мәліметтері. Казань, 2007.

– Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесінің элементі ретіндегі білімдерді генерациялау жүйесі. «Экономиканың индустриалды-инновациялық дамуы: жағдайы, мәселелері, перспективалары». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мәліметтері. Уральск, 2007.

– Жеке-Мемлекеттік әріптестік феноменінің ұғымдық-категориалдық аппаратын қалыптастыру туралы сұраққа. Рубцов индустриалдық институтының еңбектері. Рубцовск, 2007.

– Forming human resources for innovation economy of the region. Management is an art – innovative methods of identifying and solving problems of management. – Zielona Gora, 2007.

– Қазақстанның Инновациялық экономикасының қалыптасуындағы білімдерді генерациялау жүйесінің рөлі. Ресей жоғарғы мектебінің ғылымдар академиясының баяндамалары. Новосибирск, 2008.

– Жеке-мемлекеттік әріптестік тұжырымдамасының генезисі. Омбы ғылыми жаршысы. Омбы, 2008.

– Эндоумент – Жоғарғы оқу орындарын қаржыландыру формасы ретіндегі қорлар «Глобализация эрасындағы білім беру» Халықаралық конференциясы. Польша. Зелена Гура, 2008.

 

Жакишева Анара Ескенқызы

Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, Заңтану ғылымдарының магистры.

Білімі: Заңтану жоғары, Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік университет, мамандығы – құқықтану.

Оқытатын пәндері:

Қазіргі кезде оқытатын пәндер: Мемлекет және құқық теориясы, халықаралық дербес құқығы, ҚР енбек құқығы.

Ғылыми-педагогикалық қызмет барысында күндізгі және сырттай оқу түрінде оқитын студенттерге дәріс пен тәжірибелік сабақтар жүргізді.

Жакишева А.Е – әрдайым ғылыми, кәсіби маман деңгейін жоғарылату үстінде, казіргі уақытта 10-нан астам ғылыми жұмыстары бар, Университеттің қоғамдық өміріне белсеңе қатысып, өндіріске жаңа оқу құралын енгізді.

 

Омарова Гульнара Темиртаевна

С. Торайғыров атындағы ПМУ деканының оқу жұмысы бойынша орынбасары

Қызметі: аға оқытушы

Білімі: «Экономика және статистика» Алматы институтынының , мамандығы«Бухгалтерский учет и аудит», 1999ж.

Ғылыми еңбек тізімі: 30 ғылыми еңбектен астам

Оқытатын пәндері: «Маркетинг-менеджмент», «Проектный менеджмент и бизнес-планирование», «Экономика предприятия», «Экономика және өндірісті ұйымдастыру», «Экономика качества стандартизации и сертификации», «Экономическое обоснование Start up проектов»

Жұмыстағы өтілі: ғылыми педагогикалық өтілі 22 жылды құрайды

 

Сикацкая Ольга Александровна

С. Торайғыров атындағы ПМУ деканының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары

Лауазымы: аға оқытушы

Білімі: жоғары, Ф. Достоевский атындағы Омбы мемлекет университеты 

Оқытатын пәндері: Основы права, Суд и правосудие.

Ғылыми еңбектерінің тізімі: 10 мақаланың авторы болып табылады, Правовые основы приграничного сотрудничества  Республики Казахстан и Российской  Федерации, противодействие преступности, Международное сотрудничества  Республики Казахстан и Российской  Федерации, противодействие транснациональной преступности,  Международное сотрудничества  Республики Казахстан и Российской  Федерации, противодействие в борьбе  транснациональной преступности.

Ғылыми зерттеу аясы: трансұлттық қылмыстылыққа қарсы  ҚР мен РФ  арасындағы ынтымақтастық.

Кәсіби жетістіктері: Ф. Достоевский ат.  ОМУ аспиранты (сырттай оқу) 

 

Бакалавриаттың оқыту бағдарламасының аккредиттелген тізілімі:

1. 5В050100 Мемлекеттік және жергілікті басқару;

2. 5В050600 Экономика;

3. 5В050700 Менеджмент;

4. 5В050800 Есеп және аудит;

5. 5В050900 Қаржы;

Магистратураның оқыту бағдарламасы аккредиттелген тізілімі:

1. 6М050600 Экономика;

2. 6М050700 Менеджмент.

 

 

Факультет реквизиттері:

Павлодар қаласы, Ломова көшесі 64, С.Торайғыров атындағы Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультеті
ҚЭФ деканаты 8 (7182) 673656 (ішкі 1196)
каб. А-332, А-332а, А-321.

 

 

Материалдық базасы

Факультеттің тәжірибелік жұмысы

Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмысы

Оқу-әдістемелік жұмыс